gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Сарыағашта облыс бойынша АК-74 автоматын бөлшектеп жинақтаудан рекорд орнатқан оқушы қыз тұрады

5 июня, 2024
in Білім
0
Сарыағашта облыс бойынша АК-74 автоматын бөлшектеп жинақтаудан рекорд орнатқан оқушы қыз тұрады
Share on FacebookShare on Twitter

Сарыағаш ауданында «Рәміздер — елдігімнің айғағы» атты мерекелік жиын өтті. Айтулы шара ауданда кең көлемде тоайланды.  Салтанатты шарада патриоттық рухта тәрбиеленіп келе жатқан жас буын өнерін ортаға салды. Солардың бірі – Сарыағаш аудандық білім бөліміне қарасты №70 С. Байғозиев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы  Әсел Барат. АК-74 автоматын 11 секунд ішінде бөлшектеп,  24 секунд ішінде жинақтап көпшілікті таң-тамаша етті. Аудан әкімі арнайы алғыс хатын ұсынып,  өңірде патриот жастардың өсіп келе жатқанын мақтан етті.

Әсел Барат халық қаһарманы С.Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына орай өткізілген «Айбын – 2024» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының облыстық кезеңіне қатысып,  қыздар арасында АК-74 қаруын бөлшектеп жинақтаудан Түркістан облысы бойынша рекордтық көрсеткіш орнатқан еді. Ол аумақтық аудандық іріктеуден АК-74 бөлшектеу мен жинақтауда және іш престен жоғары көрсеткіштер көрсетіп, облыстық «Айбынға» жолдама алған болатын. Әсел, биылғы оқу жылын «Қызыл аттестатпен» аяқтады.

Аталған шарада аудан әкімі Арман Абдуллаев құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді.

«Осыдан 32 жыл бұрын – 1992 жылғы 4 маусымда елімізде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Заңға қол қойылды. Бұл күн бәріміз үшін басты мерекелердің бірі болды. Отанның өзі нақ осы Тудан, Елтаңба және Әнұраннан басталады. Сондықтан да әрбір азаматтың жүрегіне елжандылықты дарытуда мемлекеттік рәміздердің маңызы зор. Осы мереке күні сіздерге зор денсаулық, амандық, бейбітшілік тілеймін»,-деді аудан басшысы.

Жиын соңында аудан әкімі облыстық, аудандық іс-шараларда белсенділік танытып жүрген жастарды марапаттап, сыйлықтар табыстады. Одан бөлек, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары ән-күй орындап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Previous Post

Түркістан облысында 10 жазғы лагерь жұмысын бастады

Next Post

Арыста «Біз сыйға берген домбыра» атты кездесу өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz