gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Арыста «Біз сыйға берген домбыра» атты кездесу өтті

5 июня, 2024
in Білім
0
Арыста «Біз сыйға берген домбыра» атты кездесу өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Арыс қаласының білім бөліміне қарасты «Аққала жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектеп директоры Ауезова Гульмира Султанмуратқызының ұйымдастыруымен «Біз сыйға берген домбыра» атты бетпе-бет кездесу өтті. Кездесудің мақсаты – «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру, болашақ ұрпақтың бойындағы құндылықтарды дәріптеу және «Amanat» партиясының «Ұлттық мұра» жобасын жүзеге асыру, балаларды қорғау күніне орай болашақ ұрпаққа өшпес із қалдыру.

Оларды бір-бірінен ажырату әсте мүмкін емес. Ұрпақтан-ұрпаққа аманат ретінде беріліп келе жатқан музыкалық аспапты насихаттау жұмыстары жоғарғы деңгейде жүргізілуі тиіс.

Мектепке демеушілік білдірген қонақтар Түркістан облысы Білім басқармасының «Білім беруді дамыту» орталығының директоры Бақытжан Нұрмаханұлы Төлімбетов, кәсіпкер Таженов Ақпан, кәсіпкер Әшімбекова Ұлбосын Жүсіпқызызы, Мұхтар Әуезов университетінің Заң факультеті деканның орынбасары Мелдебеков Бижігіт Рахымбердіұлы, Түркістан облысы Әділет департаментінің Ордабасы ауданаралық мәжбүрлеп орындату бөлімінің басшысы Бегалиев Алмас Жанатұлы, Арыс қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Ахмет Нұрғиса, Түркістан облысының мемлекеттік еңбек инспекторы Смадияр Алдияр Шаниярұлы,  Аққала жалпы білім беретін мектебінің тарих пәнінің ұстазы Қазыбаев Бахрам Тасболатұлы биылғы жылдың 1 маусым күні «Біз сыйға берген домбыра» атты бетпе-бет кездесуінің жанданып, мектепке домбыраның келуіне себепкер болған қонақтарға алғыстарын білдіре отырып демеушілік білдірген қонақтарды арнайы Түркістан облысы «AMANAT» партиясының Арыс қалалық филиалының төрағасы Б.Ділдабековтың Алғыс хатарымен және Арыс қалалық мәслихатының төрағасы Қайрат Ахметовтың Құрмет грамотасымен марапатталды.

Келген қонақтарға мектеп әкімшілігі өз алғыстарын білдіріп, арнай құнды кітаптарды табыс етті.

Болашақта домбыра үйірмесін ашып ұрпақтардың ұлттық аспапқа деген қызығушылықтарын арттыруға ықпал етіндерін айтып өтті.

Көзге көріне бермейтін, мәні зор домбырадан қалыптасқан тәрбие үлгісі адамның ой ұшқырлығын шыңдауға, ата-бабадан кәсіп болған дәстүрді дамытуға, өнер арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік тудыратыны анық.

Previous Post

Сарыағашта облыс бойынша АК-74 автоматын бөлшектеп жинақтаудан рекорд орнатқан оқушы қыз тұрады

Next Post

Арыста бір отбасынан шыққан «Алтын белгі» иегері мен оқу озаттары тұрады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz