gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Арыста бір отбасынан шыққан «Алтын белгі» иегері мен оқу озаттары тұрады

5 июня, 2024
in Білім
0
Арыста бір отбасынан шыққан «Алтын белгі» иегері мен оқу озаттары тұрады
Share on FacebookShare on Twitter

Отбасы – қоғамның ең маңызды діңгегі. Тәрбиенің түп-тамыры отбасынан басталады десек, осындай татулықты ту етіп, тамыры тереңге жайылған білімді, тәрбиелі Абуталиповтар әулетінде «Алтын белгі» иелері мен оқу озаттары өсіп келеді.

Арыс қаласының білім бөліміне қарасты М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің ұлағатты ұстаздарынан сапалы білім алып, үлгілі тәртіптерімен ерекшеленіп, Абуталиповтар отбасының ұл-қыздары бірнеше аудандық, облыстық, республикалық жарыстардың жеңімпаздары атанды. Әкесі Ашимов Султан Абуталипович елге сыйлы бірегей азамат және осы аталған мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, анасы Бекбосинова Лаила Усеновна информатика пәнінің мұғалімі.

Отбасының тұңғышы Абуталип Даулет Сұлтанұлы мектепті үздікке аяқтап, «Алтын белгі» иегері атанды. Қазіргі таңда Алматы қаласы Абай атындағы Мемлекеттік университетінің 3-курс студенті жоғарғы стипендия иегері атанып, білімін жалғастыруда.

Абуталип Аружан Сұлтанқызы 9-сынып оқушысы, оқу үздігі, «Үздік куәлікке» үміткер. Абуталип Айғаным Сұлтанқызы 5-сынып оқушысы оқу үздігі, Абуталип Айбар Сұлтанұлы 4-сынып оқушысы, оқу үздігі.

Өз кезегінде бір отбасын мүлтіксіз басқарып, отбасы мүшелеріне адами құндылықтардың дәнін еге білген кісі аз талпыныспен одан да маңызды істерде жетістікке жете алады. Алдағы уақытта бұл отбасынан зор үміт күтеміз.

Айта кетейік, Арыс қаласы бойынша 2023-2024 оқу жылында 1-11-сыныптарда 18435 оқушы оқу жылын аяқтап отыр. Бітіруші 11-сынып оқушыларының саны – 1120. Оның ішінде,  «Алтын белгіге»  – 55 оқушы, «Үздік аттестатқа»  – 114 оқушы үміткер.

Жалпы білім  ошағының табалдырығын аттаған  балалардың барлығы талантты, дарынды. Тек олардың бойындағы қабілетін ашып, жан-жақты дамуына жол сілтеп, шығармашылық қатынасын, азаматтық белсенділігін қалыптастырудың маңызы зор. Бұл бағыттағы жүйелі жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде шәкірттеріміз түрлі деңгейдегі жарыстар мен байқауларда, олимпиадаларда топ жарып,  мектептің мәртебесін биіктетіп келеді

Previous Post

Арыста «Біз сыйға берген домбыра» атты кездесу өтті

Next Post

Түркістан облысының әкімі «Жайлы мектеп» жобасы аясында жұмысты жандандыруды тапсырды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz