gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Түркістан облысының әкімі «Жайлы мектеп» жобасы аясында жұмысты жандандыруды тапсырды

5 июня, 2024
in Білім
0
Түркістан облысының әкімі  «Жайлы мектеп»  жобасы аясында жұмысты жандандыруды тапсырды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 63 мектеп салу жоспарланған. Облыс әкімдігінде арнайы жиналыс өтіп,  оған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Ерлан Исабеков, аудан, қала әкімдері, жауапты басқарма басшылары және мердігерлер қатысты. Өңір басшысы жұмысты жандандыруды тапсырды.

– Мектеп салу бойынша міндеттеме алған мердігерлер жұмысты уақтылы әрі сапалы атқаруы тиіс. Аудан, қала әкімдіктері мен жауапты басқармалар тарапынан инфрақұрылым бойынша қолдау көрсетілсін. Бүгін сіздермен жолығудағы мақсатымыз – құрылыс барысын пысықтау. Кедергілер мен мәселелер болса, жасырмай айтыңыздар. Шешуге күш салайық. Бұл мектептер уақтылы тапсырылуы керек. Бізге құрылыс аяқталатын нақты мерзімін айтыңыздар. Жүйелі түрде жұмыс атқарып, құрылысты аяқтау керек. Білім ұяларын білікті басшылар мен ұстаздармен қамту да өзекті, – деді облыс әкімі.

Жиында Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы «Жайлы мектеп» жобасы Президенттің бақылауында тұрғанын мәлімдеді.

– Ұлттық жобаның мақсаты – апатты мектептерді, үш ауысымды оқытуды және оқушы орындарының тапшылығын жою. Түркістан облысында халықтың тығыздығын ескере отырып, 2023-2025 жылдары 63 білім беру нысанын, оның ішінде 2023-2024 жылдары 29 мектептің құрылысын жүргізу көзделген. Қысқа мерзімде жобалар құнының қымбаттауына жол бермей, мектептер салуға арналған жобалау-сметалық құжаттамаларға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындыларын алуды қамтамасыз ету керек. Нысандар құрылысының қарқынын ұлғайтып, оларға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізуді жеделдеткен жөн. Биыл 1 қыркүйеке дейін 15 мектепті және жылдың сонына дейін 14 мектепті толық көлемде тапсыру қажет. Облыстық білім басқармасы жаңадан құрылатын мекемелер үшін жұмыс жүргізетін мектеп басшылығы, педагог кадрлармен және оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдауы тиіс, – деді Ерлан Исабеков.

Сонымен қатар, мәжілісте  Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеровтың, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның басқарма тқрағасының орынбасары Амангелді Саттаровтың баяндамалары тыңдалды. Мердігерлер де көкейде жүрген сұрақтарын қойып, мәселелер көтерді. Әсіресе, «Е-құрылыс» электронды порталы арқылы құрылыс жұмыстарының төлемдерін жүргізу қиындық тудырып отыр. Бұл туралы тиісті ұсыныстар берілді.

Айта кетсек, осы жылы пайдалануға берілетін 29 мектептің 4 мектебі инженерлік инфрақұрылыммен қамтылған. 25 мектепке сараптама қорытындылары алынып, құрылыстарына облыстық бюджеттен қаржысы қаралған. Бүгінгі таңда барлық мектептердің мердігерлері анықталып, құрылыс жұмыстары басталған. Инфрақұрылым жүйелерінің құрылысын 15 маусымға аяқтау жоспарланған. Абаттандыру және жолдардың құрылыстары 1 тамызға аяқталады. Мектептердің құрылыс жұмыстары бойынша аудан әкімдіктермен, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның өкілдерімен, мердігерлермен, арнайы штаб құрылып, жұмыс бақылауға алынған.

 

Previous Post

Арыста бір отбасынан шыққан «Алтын белгі» иегері мен оқу озаттары тұрады

Next Post

Түркістан облысында 35 мың бала тегін демалады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz