gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Түркістан облысында 35 мың бала тегін демалады

5 июня, 2024
in Білім
0
Түркістан облысында  35 мың бала тегін демалады
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында биыл 35 мың бала ақысыз демалыс орындарына барады. Бұл тізімде әлеуметтік осал топтағы бүлдіршіндер мен аз қамтылған отбасылардың балалары бар. Оның ішінде, Түркістан қаласындағы 1 500-ге жуық оқушы демалыстарын арнайы бассейндерде өткізеді. Бұл мақсатта Түркістан қалалық төтенше жағдайлар басқармасы мен қалалық білімі бөлімі шаһардағы 7 нысанмен меморандум жасаған.

Өңірде  1-10 сынып оқушыларының жалпы саны – 467 766.  Жалпы жаз мезгілінде облыста 31 сауықтыру лагерлері қызмет көрсететін болады деп жоспарлануда. Оның 9-ы мемлекеттік, 22-сі жекеменшік. Бүгінде облыста 10 лагерь СЭҚ алып, жұмыстарын бастады. Олар Түлкібас ауданындағы «Машат-Арасан, Көктөбе-1, Көктөбе-2, Қуаныш, DELVE CAMP», Төлеби ауданындағы «Көктөбе, Қуаныш», Сайрам ауданындағы «Болашақ», Мақтаарал ауданындағы «Толағай», Шымкент қаласындағы «Гавая» лагерлер. Онда жалпы саны  2464 бала 1 ауысымға қабылданып, сауықтырылуда. Бұл лагерьлердің ішіндегі «Машат – Арасан», «Гавая» лагерлерінде 650 бала «Қазақстан халқына» қорының есебінен тегін жіберілді. Барлық 31 маусымдық жазғы сауықтыру лагерлерінің ашылуы маусым айына жоспарланған.

Маусым айының 10-на дейін 15 жазғы сауықтыру лагерлері ашылады деп күтілуде. Атап айтсақ, Бәйдібек ауданындағы «Тау шыңы», Кентау қаласындағы «Urker», Төлеби ауданындағы «Алатау», «Изуми тау», «Тау шыңы», «Отбасы үлгісіндегі балалар  ауыл лагері», «Бәйшешек», «Айнабұлақ», Түлкібас ауданында «Отырар», «Лок-Машат», «Арман», Қазығұрт ауданында «Тұрбаза-Қазығұрт», «Мейіржан», Сарыағашта «Балдаурен», Сауран ауданында «Балауса» лагерлері. Ал қалған 6 лагерь маусым айының 15 дейін ашылады деп жоспарлануда.

Бұдан өзге, барлық аудандық, қалалық білім бөлімдеріне қарасты мектептерде бір мезгілгі тамақпен 53000 бала сауықтырылуда.

Previous Post

Түркістан облысының әкімі «Жайлы мектеп» жобасы аясында жұмысты жандандыруды тапсырды

Next Post

Дәстүрлі емес діни ағымдарға бет бұрмаңыз

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz