gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Жаз мезгілінде балалардың қаіпсіздігі басты назарда

6 июня, 2024
in Білім
0
Жаз мезгілінде балалардың қаіпсіздігі басты назарда
Share on FacebookShare on Twitter

Жаз маусымында мектеп оқушылары демалысқа шығатыны белгілі. Міне, осы демалысты әрбір оқушы тиімді өткізе білгені абзал. Жазғы демалысын пайдалы өткізген бала жаңа оқу жылына тың күшпен барады. Осыған орай, Сауран аудынанда биыл 23 364  оқушы жазғы демалыспен қамтылады. Оның 1451-і  11-сынып түлектері.   Бастауыш сынып оқитын жастар үшін мектеп жанындағы лагерлер  3 ауысымда жұмыс істейді. Онда 9666 бала қамтылып отыр.  Қазіргі таңда 1 ауысым  жұмысына 3150 бала баруда.  Мыңнан астам оқушылар қала сыртындағы сауықтыру лагерьлеріне жіберіледі. Сонымен қатар,  ауыл мектептерінен 150 оқушы «Қазақстан халқына» қорының қаражаты есебінен демалады. 1 маусым күні 50 бала аталмыш қор арқылы сауықтыру лагерлеріне  жіберілді.

Жазғы маусымда оқушылар көп уақытын сыртта өткізеді.  Әйтсе де көптеген қайғылы оқиға да сыртта, оның ішінде су айдындарында орын алып жатады. Сондықтан Сауран ауданының  басшысы Мақсат Таңғатаров қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырған болатын. Осы бағытта аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың бастамасымен, аудандық мәслихат депутаттарының қолдауымен білім ошақтарында демеушілер тарапынан жаңа 20 дана жиналмалы бассейндер орнатылуда.  Тың жобаның негізгі мақсаты – бала қауіпсіздігін сақтай отырып, жазғы демалыста оқушылардың уақытын тиімді пайдалану. Ағын су қауіпінен болатын оқыс оқиғалардың алдын алып, бала өміріне араша түсу.

Жаз – суға түсуге қолайлы мезгіл. Алайда, қауіптілігі тіптен жоғары. Әсіресе, кәмелетке толмаған балалардың үлкендерсіз дария, каналдарға барып, суға шомылуы жағдайды ушықтыратыны анық. Сондықтан  ең басты мақсат – балаларға сапалы білім беру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бала қауіпсіздігі мәселесінің маңызы зор. Әр ата-ана баласының қауіпсіз ортада өмір сүріп, дені сау, білім – білігі мол саналы ұрпақ болғанын қалайды. Ол үшін мектептегі қауіпсіздік шаралары сенімге селкеу түсірмейтіндей болуы қажет.

 

Previous Post

Түркістан облысындағы жазғы лагерьлерде санитарлық талаптар қатаң бақылауға алынды

Next Post

2025 жылдан бастап Түркістандағы туризм университеті 3 жылдық білім беру жүйесіне көшпек

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz