Сарыағаш ауданына қарасты Дербісек ауылдық округі, Дербісек елді мекенінде 900 орындық «Жайлы мектеп» бой көтеруде. Құрылыс жұмыстарының басында болған аудан әкімі Арман Абдуллаев құрылыс жұмыстарын арнайы бақылады.
«Жайлы мектеп» құрылысын жүргізу үшін «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы тарапынан қаржы бөлінген. Қазіргі таңда білім беру ордасының бірінші қабаты толығымен аяқталып, екінші қабатына кірпіш қалау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар жоғарғы үшінші қабаттының жабын плиталары құйылуда.
Бүгінгі таңға дейін атқарылған құрылыс жұмыстарының жағдайын саралай келе аудан басшысы мердігер мекеме өкіліне құрылыс жұқмыстарына сапалы құрылыс материалдарын пайдалану қажет екенін, сондай-ақ алдағы уақытта да құрылыс жұмыстарының барысын өзі келіп қадағалап тұратынын жеткізді.
Айта кетсек, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша ауданда 10 жайлы мектеп салу жоспарланған. Қазіргі таңда, Сарыағаш қаласында құрылыс жұмыстары Телемұнара шағын ауданында 900 орындық және Б.Оспанов көшесінің бойынан А. Сүлейменов атындағы 300 орындық мектептердің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2024 жылы Самал-3 мөлтек ауданынан 1500 орындық мектептің құрылыс жұмыстарын бастау жоспарланып отыр.