gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

WORLDSKILLS облыстық чемпионатының жеңімпаздары анықталды

19 мая, 2024
in Жаңалықтар, Қоғам
0
WORLDSKILLS облыстық чемпионатының жеңімпаздары анықталды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанда «WORLDSKILLS ABILYMPIСS TURKІSTAN – 2024» облыстық кезеңінің жабылу салтанаты өтті.

Салтанатты марапаттау рәсіміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев қатысып, барлық қатысушыларды техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы айтулы шарамен құттықтап, ел экономикасын дамытудағы жұмысшы мамандықтарының рөліне ерекше тоқталды.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылар арасындағы кәсіби шеберлік байқауының жеңімпаздары анықталып, марапатталды. Нәтижесінде, республикалық кезеңге 35 құзыреттілік бойынша 45 студент жолдама алды.

Еліміздің жас мамандарына алған кәсіби дағдылары мен құзыреттіліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін «WorldSkills» қозғалысы тоғызыншы жыл өткізіліп келеді. Биыл облыстық кезең 35 құзыреттілік бойынша өтті. Атап өтсек, «Абилимпикс Графикалық дизайн», «Абилимпикс сән технологиясы», Агрономия», «Аспаз ісі», «CAD инженерлік графикасы», «Бастауыш білім беру», «Бизнеске арналған IТ шешімдері», «Веб технологиялар», «Дәнекерлеу технологиялары» сынды түрлі кәсіптік құзыреттілік бар.

WorldSkills миссиясы – кәсіптік бағдар беру, кадрларды даярлау, сарапшылар қоғамдастығын құру және еңбек өнімділігін арттыру тетіктерін қоса алғанда, халықаралық стандарттарға негізделген техникалық мамандықтар бойынша жоғары технологиялық өндірістерді кадрлармен қамтамасыз ету механизмдерін қалыптастыру.

Түркістан облысы аталған чемпионатқа 2015 бастап қатысып келеді. Осы жылдар аралығында қол жеткізген жетістіктері аз емес. Мәселен, өткен жылдардың нәтижесі бойынша жалпы облыс қоржынында 34 алтын, 19 күміс, 26 қола, 37 айрықша медальон бар.

Previous Post

«Жайлы мектеп»: Сарыағаштағы бір ауылда мектеп салынуда

Next Post

"Жасыл қалада" - қала жанашырлары еңбек етеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz