Әдеби мұрамызды дәріптеу, жастардың классикалық әдебиетімізге қызығушылығын арттыру, Абай және Шәкәрім аталарымыздың шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, өскелең ұрпақты ұлылар поэзиясына, ұлтымыздың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында 8-11-сыныптардың оқушыларына арналған республикалық «Абай оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті.
6 аталым бойынша өткен білім жарысына 116 оқушы қатысып, соның ішінде 4 төлебилік оқушы топ жарды. Байқау қорытындысының нәтижесінде, «Абайдың қара сөздері» бағыты бойынша «Жаңажол» жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Балауса Қарабек 1-ші және республикалық кезеңге жолдаманы жеңіп алды. Ал «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» бағыты бойынша «Жаңажол» жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Нұрдана Тұрсынқұл 2-ші орынды алса, 3-ші орын «Көңілім әнді ұғады» бағыты бойынша Керегетас шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Риза Абдрахманға бұйырды. Сонымен қоса «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бағыты бойынша №7 IT мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Мөлдір Мырзабай мақтау грамотасын ие болды.