Қазақ халқы зайырлылықпен құрылған мемлекет. Яғни ешкімге бағынбай, бодан болмай жекелеген мемлекет болып құрылды. Зайырлылық ұғымының ауқымы кең. Зайырлылық – сөзінің мәні мемлекеттің діннен, діннің мемлекеттен бейтараптылығы және ар-ождан бостандығы. Зайырлылық дін де, атеизмде емес, тіптен идеология да емес. Ол діни бостандық ұстанымы.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы өзін зайырла мемлекет деп жариялағандардың бірі болды. Бұл өз кезегінде халықтың қалауы болды. Себебі 70 жыл құдайсыз өмір кешкен ата-бабаларымыз басқа таңдау болмады. Әр адамның саніміне біреудің араласуына ешкімнің хақысы жоқ.
Қазақстан Республикасысы зайырлылық ұстанымды неге таңдады? Әр бір тәуелсіз елдің өзіндік жолы, идеологиясы, заңы және ұстанымдық принциптері болуы тиіс. Ислам философиясы тарихында дана бабамыз Әл-Фараби «Қайырымды ел көзқарастарының төркіні», «Азаматтық қоғам» және «Дін кітабы» деп аталатын рисалаларында мемлекеттік институттың діни емес негізде басқарылуы туралы жазып қалдырған. Алаш қайраткері Ә.Бөкейханұлы XX ғасырдың басында жаңа қазақ елін құрарда: «Біздің қазақ дін ісін көркейтетін болса — үкімет ісін бөліп қойған оң болады», — деп өсиет айтып кеткен.
Әлемдік тарих сахнасын зерделейтін болсақ, түрлі қақтығыстар мен тұрақсыздықтардың барлығы дерлік ұлттар мен діндер өкілдерінің арасындағы діни қарама-қайшылықтардан, өзара түсіністіктің жоқтығынан туындап, кейбір мемлекеттер соғыс алаңына айналып отырған.
Сондықтан Қазақстан тәуелсіздік алған кезеңнен бастап, күні бүгінге дейін ең маңызды ұлтаралық татулықты, конфессияаралық келісімді, өзара түсіністік пен тұрақтылықты, достықты өзіндік ұстаным етіп өмір сүруде. Еліміз қанша уақыттан бері шашау шығармай, достық пен бірлікті ту етіп, ортақ мүддеге жұмылдырып, қаншама ұлттардың және діни ұйымдардың ортақ Отаны болғанын айту керек. Бұл жалпы елімізде дұрыс саясат жүргізіліп жатқандығын белгісі.
Қорыта айтқанда адам баласы еркін жаратылған болмыс болғандықтан қанша өзге нәрсені күшпен таңса да ол нәрсені қабылдай алмайды. 70 жыл тәуелдікте өмір сүрген Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздіктің күні шығып, дербес мемлекет болып қалыптасты.
Е.Қыдырбай
Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы