gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Хабарландыру

Алаяқтардан абай болыңыз!

19 мая, 2024
in Хабарландыру
0
Алаяқтардан абай болыңыз!
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласының прокуратурасында 2024 жылдың 3 айында тіркелген қылмыстардың жай-күйіне талдау жұмыстары жүргізілді. Өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда биыл алаяқтық қылмысының саны 10 пайызға (20-дан 22-ге) өскен.
Қазіргі таңда қылмыскерлер түрлі амал-тәсілдерді қолдана отырып, азаматтарды сендіріп, алдап, мүлкінен айыруда. Атап айтқанда, алаяқтар азаматтардың сеніміне кіре отырып, өздерінің әлеуметтік жәрдемақы, мемлекеттен қайтарымсыз грант және тұрғын үйге, жерге кезекті жылжытып бере алатындығын, көлік жүргізуші куәлігін, диплом, медициналық анықтамаларды жасап беремін деп алдап, сол әрекеттері үшін алдын ала жәбірленушілерден ақша жымқыру жағдайлары қоғамда жиі орын алуда.
Мысалы, «Б» есімді азаматша мемлекеттен кәсіпкерлікті қолдауға берілетін қайтарымсыз ақша алып беремін деп, қаламыздың 9 тұрғынын алдап, ақша қаражаттарын иеленіп алған.
Аталған фактілер бойынша Кентау қаласының полиция бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесімен ол азаматшаға қатысты іс қала прокуратурасымен сотқа жолданды. Сонымен бірге, ғылыми-технологиялар дамыған сайын, азаматтарды интернет желісінде алдау жолдары көбеюде, яғни интернет-алаяқтықтың саны өсуде.
Алаяқтар өздерін банк қызметкерімін деп таныстырып, азаматтардың ақшасын қауіпсіз шотқа аудару керек деген сылтаумен, азаматтардың жеке мәліметтеріне қол жеткізіп, ақшаларын шоттарынан аударып алу, аттарына несие рәсімдеу фактілері орын алуда. Сондай-ақ, алаяқтар “Kolesa.kz”, “OLX.kz”, “Krisha.kz” қосымшаларда шындыққа жанаспайтын жарнамалар орналастырып, алдын-ала төлем талап етіп, азаматтардың ақшасына қол жеткізуде.
Сонымен бірге, алаяқтар шынайы сатушыларға хабарласып, тауарыңызды сатып аламын, жеткізу рәсімдейік деп алдап, сілтеме жіберіп, банкттік деректерге қол жеткізіп, ақшаларын иеленуде.
Алаяқтар өзін құқық қорғау органының қызметкері ретінде таныстырып, сіздің жақын туысыңыз бізде отыр, тез арада ақша аудармасаңыз қамалып кетуі мүмкін деп алдайды. Осыған байланысты қала прокуратурасы алаяқтардан сақтану үшін келесідей кеңестер береді:
— ешкімге өзініздің жеке куәлігініздің, банк картаңыздың мәліметтерін бермеңіз;
— интернет арқылы жіберілетін сілтемелерге өтпеңіз және картаңыздың СVV (3 санды) құпия сандарын айтпаңыз;
— Сізге «банк қызметкері» операциялар жүргізу туралы айтып қоңырау шалып жатса, өзіңіздің жеке мәліметтеріңізді беруге асықпаңыз, біріншіден банктің ресми телефонына хабарласып, мән-жайды біліңіз, мүмкіншілігіңіз болса жақын жердегі банк бөлімшесіне өтіп, сол банктің қызметкерлерінен барлығын сұрастырыңыз;
— белгісіз сайттарда, парақшаларда сатып алуды жүзеге асырмаңыздар;
— ұялы телефоныңызды ешкімге бермеңіз, себебі сіздің каспий, халық қосымшаңызға кіріп аттыңыздан несие рәсімдеп, ақшаңызды аударып алуы әбден мүмкін;
-жеке құжаттарыңызды қол жетімсіз жерде сақтаңыз.

Кентау қаласының прокуратурасы

Previous Post

"Жасыл қалада" - қала жанашырлары еңбек етеді

Next Post

Зайырлы мемлекетте өмір сүрудің артықшылығы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz