gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Түркістанда «Білімім – Отаныма» атты бірыңғай тәрбие сағаттына 50 мыңнан аса оқушы қатысты

24 мая, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Түркістанда «Білімім – Отаныма» атты бірыңғай тәрбие сағаттына 50 мыңнан аса оқушы қатысты
Share on FacebookShare on Twitter

2023-2024 оқу жылының соңғы оқу күні. Бұл күн әдеттегідей емес, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бастамасымен «Білімім – Отаныма» тақырыбындағы бірыңғай сынып сағаттарымен басталды. Осы ретте, бүгін Түркістан қаласындағы 76 мектепте білім алып жатқан 52668 оқушы сынып сағаттарына қатысып, өздерінің Отанға, мектепке, ұстазға деген жылы лебіздерін білдірді.
Еліміздің әнұранын орындаудан басталған сынып сағаттарында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың оқушыларға құттықтауы ұсынылды. Сонымен қоса, педагогтар да сәтті аяқталған жылды қорытындылап, оқуда озат болған оқушыларға марапат қағаздарын тапсырды.

Қаладағы №28 мектеп-лицейінде өткен бірыңғай сынып сағаттарына білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы Қолдасова қатысып, педагогтар мен оқушыларды оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтап, оқушылармен сұхбат жүргізіп, пікірлерін тыңдады. Өз кезегінде білімде озат атанған оқушыларды марапаттап, болашақтарының жарқын болуына тілектестігін білдірді.

– Білім – адам өмірінің ең маңызды құндылығы. Еліміздің болашағының жарқын болуы тікелей білімді ұрпаққа байланысты. Білім арқылы жастарымыз өз мүмкіндіктерін ашады, дүниетанымы кеңейеді, өзінің болашағын қалыптастырады. Сонымен қатар жасында терең білім алған адам болашақта елдің гүлденуіне, экономикасының дамуына, мәдениеті мен ғылымының өркендеуіне үлес қосады. Сондықтан да еліміздің асқақ арманын жүзеге асыратын жастарымыз өздерінің күнделікті алған білімін Отанымыздың болашағын жарқын етуге арнауы тиіс, – деді ол.

Айта кету керек, елімізде түлектер үшін 25 мамырда «Мектебім, маған мың алғыс!» атты іс-шара аясында соңғы қоңырау соғылатын болады. Ал республикамыздың барлық мектебінде бүгін «Білімім – Отаныма» атты бірыңғай сынып сағаттары өтіп жатыр.

Previous Post

Түркістан облысында 500 мыңнан аса оқушы «Білімім – Отаныма» бірыңғай тәрбие сағатына қатысты

Next Post

Сарыағашта «Білімім – Отаныма» атты тәрбие сағатына 50 мыңнан астам оқушы қатысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz