gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Сарыағашта «Білімім – Отаныма» атты тәрбие сағатына 50 мыңнан астам оқушы қатысты

24 мая, 2024
in Білім
0
Сарыағашта  «Білімім – Отаныма» атты тәрбие сағатына 50 мыңнан астам оқушы қатысты
Share on FacebookShare on Twitter

Республика көлеміндегі барлық білім ұяларында бірыңғай сынып сағаттары өтті. Сарыағаштық оқушылар да «Білімім – Отаныма» бірыңғай тәрбие сағаттарына қатысты. Оқушылардың жыл бойындағы білімі қорытындыланып, марапаттау қағаздары тапсырылды.

Сарыағаш ауданы білім бөліміне қарасты 78 мектепте 2023-2024 оқу жылының қорытындысына арналған «Білімім – Отаныма» жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаттары бір мезетте өтті. Әнұранмен басталған шарада ҚР Оқу-ағарту министрінің құттықтау сөзі жазылған бейнеролик әр оқушының назарына ұсынылды. Сарыағаш ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Рақымжан Камалдин №10 Қ. Сәтпаев атындағы мектеп-гимпазиясында өткен сынып сағаттарына қатысып, оқушыларға ақжарма тілегін айтты.

Сынып сағаттары 1-10-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылса, 9 бен 11-сыныптың түлектері «Мен. Мектеп. Ұстаз» тақырыбында балалық шақтан болашаққа қадамы туралы эссе жазды.

Іс-шара барысында оқ бойы озық болып, білім биігін бағындырған мектептің оқушылары марапатталды. Аудан, облыс, қала берді республикалық деңгейдегі білім додасында мектеп абыройын асқақтатқан оқушылардың мерейі үстем болды.

Жалпы аудан бойынша биылғы оқу жылын 1-11-сыныптарда 58498 оқушы аяқтап отыр. Бітіруші 11-сыныптардың саны – 3296. Атап айтар болсақ, «Алтын белгі» төсбелгісіне – 172 оқушы, ал «Үздік аттестатқа» – 242 оқушы үміткер. Осы жылы аудан оқушылары мен ұстаздары  білім сайыстарында толағай жетістіктерге қол жеткізіп, аудан мерейін үстем етті.  Оқушылар білім додасы мен, спорттық бәйгеде облыстық, республикалық, қала берді халықаралық деңгейде көптеген жүлделерге қол жеткізді.

Previous Post

Түркістанда «Білімім – Отаныма» атты бірыңғай тәрбие сағаттына 50 мыңнан аса оқушы қатысты

Next Post

«Жайлы мектеп»: Сарыағашта 10 жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz