gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

«Жайлы мектеп»: Сарыағашта 10 жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр

24 мая, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
«Жайлы мектеп»: Сарыағашта  10 жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен үш ауысымды, апатты, ескі мектептер мәселесін шешу бағытында «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы әзірленді. Жоба аясында заманауи мектеп ғимаратының құрылысы жүргізіліп, ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайту көзделген. Осы жоба аясында Түркістан облысында 63 мектеп салу жоспарланған.

Бүгінде облыста «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында білім ошақтарының құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Соның ішінде – Сарыағаш ауданында осы бағытта 10 мектеп салу жоспарланған. Бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында «Телемұнара» ықшамауданындағы 900 орындық білім ошағының құрылыс алаңында болды. Мердігерлермен кездесіп, мерзімінде аяқтауды тапсырды. Нақты міндеттер жүктеп, білім сапасын көтеру, мектеп тапшылығын жою – маңызды іс екенін айтты.

Қазіргі уақытта құрылыс нысанында 80 адам жұмыс істеп жатыр. Жертөле қабырғалары құйылып, жабын қабаттарының темір бетон құю жұмыстары жүргізілуде. Кірпіш қалау жұмыстары жүргізілуде.

Сарыағаш ауданында өзге де білім нысандары салынып жатыр. Б.Оспанов көшесінің бойынан А.Сүлейменов атындағы 300 орындық мектептің құрылысы басталып кеткен. Сонымен қатар Дербісек, Жаскешу елді мекендерінде аталған жоба аясында мектеп ғимараттарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Биыл «Самал-3» мөлтек ауданынан 1500 орындық мектептің құрылыс жұмыстарын бастау жоспарланып отыр.

Previous Post

Сарыағашта «Білімім – Отаныма» атты тәрбие сағатына 50 мыңнан астам оқушы қатысты

Next Post

Келесте «Білімім – Отаныма» атты жалпыреспубликалық тәрбие сағаты өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz