gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Келесте «Білімім – Отаныма» атты жалпыреспубликалық тәрбие сағаты өтті

24 мая, 2024
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Келесте  «Білімім – Отаныма» атты жалпыреспубликалық тәрбие сағаты өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Соңғы қоңырауға бір күн қалғанда барлық білім шаңырақтарында «Білімім – Отаныма» атты жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты өтеді. Бұл «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында қабылданған іс-шара. Осы бағытта бүгін Келес ауданы білім беру бөліміне қарасты 63 білім беретін мектептерде 2023-2024 оқу жылының қорытындысына арналған «Білімім – Отаныма» жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаттары өтті. Сынып сағатына 30 мыңға жуық оқушы қатысты. Келес ауданы білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Анафия Арыстанбайқызы №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп-гимназиясында өткен сынып сағаттарына қатысып, түлектерге жылы лебізін білдірді.

Жалпы бүгінгі тәрбие сағаттарының мақсаты – балаларды ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор болуға, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу. Іс-шара Әнұранмен басталып, ҚР Оқу-ағарту министрінің құттықтау сөзі жазылған видеоролик оқушылардың назарына ұсынылды. Аталған шараға ата-аналар да қатысты. Сонымен қатар жыл бойы үздік болған оқушылар марапатталды. 9, 11-сыныптың түлектері болса «Мен. Мектеп. Ұстаз» тақырыбында балалық шақтан болашаққа қадамы туралы эссе жазды.

Previous Post

«Жайлы мектеп»: Сарыағашта 10 жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр

Next Post

Сарыағашта Дарындылар шеруі өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz