gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Арыста Мұхамеджан Тынышбайұлының туғанына 145 жыл толуына орай шара өтті

22 мая, 2024
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Арыста Мұхамеджан Тынышбайұлының туғанына 145 жыл толуына орай шара өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Арыс қаласында орналасқан М.Тынышбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Мұхамеджан Тынышбайұлының туғанына – 145 жыл» тақырыбында іс-шара өтті.

Шараның мақсаты – оқушыларды ұлтжандылыққа, табандылыққа тәрбиелеу, елімізде М.Тынышбаевтай ұлы тұлғамен және қайраткер тұлғаның еңбектерімен таныстыру, өскелең ұрпақты рухани жаңашылдыққа тәрбиелеу.

Шара барысында 2023-2024 оқу жылындағы мектептегі үздік оқушыларға оқу үздігі төсбелгісі табысталды.

Аталған іс-шараға тарихшы, педагог, қоғам қайраткері Мұхамеджан Тынышбайұлының немересі Нұршәкен Жүнісқызы қатысып, шараға келген қонақтарға «М.Тынышбайұлына 145 – жыл» атты төс белгісін аудандық білім бөлімінің басшысы Әшімхан Момбеков Тілеуханұлын, Түркістан облысы білім басқармасының бұрынғы басшысының орынбасары, зейнеткер Садықова Ардақ Мәдіханқызын, мектеп директоры Керімбай Жұмахан Қарсанұлын және ДОЖЖО Тойлыбаева Жайна Мырзакуловаға салтанатты түрде табыс етті.

Шара соңында келген қонақтар мектеп ұжымына және үздік оқушыларға өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Мұхамеджан Тынышбаев – теміржолшы, ағартушы-ғалым, саяси-қоғам қайраткері, Алашорда қозғалысын құрушылардың бірі және Алашорда үкіметі төрағасының орынбасары, Түркістан автономиясының премьер-министрі.

Мұхамеджан Тынышбаев 1879 жылы 12 мамырда бұрынғы Жетісу облысы Лепсі уезі, Мақаншы-Садыр болысындағы Жыланды тауының баурайында Әлдекеұлы Тынышбайдың отбасында дүниеге келген. 1890 жылы 14 тамызда Верный қаласындағы Ерлер гимназиясына оқуға қабылданған.

1900 жылы гимназияны үздік аяқтап, император І Александр атындағы Жол қатынасы инженерлері корпусы институтының студенті атанады.

1900–1906 жж. Санкт-Петербургтағы Жол қатынасы инженерлері корпусы институтының студентi болып жүрген кезінде түрлi тарихи жағдайлардың куәсi болды. Бұл жылдарда (1900–1906 жж.) монархиялық билiкке қарсы саяси, әлеуметтiк-экономикалық талаптағы наразылықтардың, халық толқуларының жандануымен ерекшеленедi. Осы көрiнiстердiң барлығы жас студентке өз дәрежесiнде әсер етiп, оны толғандырған қалың ойдың жауабының табылуына, бiртiндеп қоғамдық-саяси көзқарасының қалыптаса бастауына жол ашты.

Previous Post

Еден тазалаудан ешқашан шаршамайтын адал жан

Next Post

Сайрамдық оқушылар «Ақжелең» республикалық байқаудан жүлделі орынға ие болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz