gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Сайрамда білім қызметкерлеріне арналған курс өтті

14 июня, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Сайрамда білім қызметкерлеріне арналған курс өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Сайрам ауданында бірқатар білім қызметкерлеріне «Оқушылардың бейімделу қабілетін арттыру» тақырыбында оқыту курсы өтті.

Кәмелет жасына толмаған балалар мен ата-аналарына психологиялық көмек көрсету мәселелерін кеңінен түсіндіру үшін республикалық «REFRАMЕ» тұлғалық даму орталығының директоры Вероцкая Гүлжан Ералықызы арнайы шақырылған. Бастама аудандық білім бөлімінің басшысы Бауыржан Ахметовтың бастауымен жүзеге асырылды.

Мақсаты – мектеп қызметкерлерінің біліктіліктері мен тәжірибелерін арттыру, әдіс-тәсілдерді меңгерту, оқушыларға қауіпсіз, жайлы орта қалыптастыруды жүзеге асыру.

Тиісті білім қызметкерлерін Ақсукент ауылындағы №7 Бабыр жалпы білім беретін мектебінде биылғы жылдың 20 мамыр – 18 маусымына дейінгі аралықта оқытады. Осы курсқа аудан бойынша 5 бағытта 74 мектеп директорларының тәрбие жөніндегі орынбасары, 116 педагог-психолог және 74 әлеуметтік педагог тартылған.

Курс бағдарламасы толыққанды ғылыми тұрғыдан негізделген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынған әдістерді қамтиды.

Оқыту барысында балалар мен жасөспірімдер арасында түрлі келеңсіз жағдайлардың алдын алу тұрғысында маңызды ақпараттар беріледі.

Белгіленген уақытта курс аяқталған соң, қатысушылар оқытылған бағдарлама бойынша тест тапсырып, алған білімдерін дәлелдеген жағдайда сертификаттар тапсырылатын болады.

Бүгін мектеп қабырғасында психологиялық кабинет ашылды. Жиһаздар мен оқулықтармен жабдықталған бөлмеде қызмет ететін мектеп психологі үшін ата-ана мен баламен еркін әңгімелесу арқылы қажетті кеңестер беруіне мүмкіндік қарастырылған.

Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Г.Нұртанова және мектеп директоры Л.Малабаева орталықты басқаратын Г.Вероцкаяға алғысын айтып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Келесі кезекте сөз алған бөлімнің әдіскері Г.Алтеева аудан аумағында ұйымдастырылған курстің тиімділігіне тоқталып, оң пікірін білдірді.

Шара соңы лента қию рәсімімен жалғасып, тәттілер шашылып, ұлттық би орындалды.

 

Previous Post

Кентаудағы жылу энергия орталығы толық жаңғыртудан өтіп жатыр

Next Post

Түркістандағы Оқушылар сарайында балалар 60-қа жуық үйірмелерге тегін қатысады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz