Биыл Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты «Оқушылар сарайы» 6 және 12 жастағы балалар үшін жазғы тегін лагерін ұйымдастырды.
Лагерь биылғы жылдың 10 маусымнан басталды. Балалар «Оқушылар сарайындағы» 60-қа жуық үйірмеге тегін қатысады. Оқушылар сарайында жас жеткіншектердің шығармашылық қабілетін дамытып, бос уақытын тиімді ұйымдастыруына барлық мүмкіндік жасалған. Мұнда Технопарк, «Sana» IT орталығы, Өнер орталығы (кескіндеме, қолөнер, зергерлік өнер, мүсін және керамика, былғары жұмыстары, суретші), Тіл үйрету орталығы (5 шет тілі), Ғылым орталығы (Республикалық физика-математика мектебіне, Білім инновация лицейіне, Назарбаев зияткерлік мектебіне, Дарын мектептеріне түсу үшін оқушыларды дайындайды). Шығармашылық орталығы (вокал, актерлік өнер, сатира өнері, би, дәстүрлі ән, аспаптарда орындау), шахмат, балалар тележурналистикасы, анимация, фото-бейне түсірілімдерді монтаждау барлығы 60-қа жуық үйірме жұмыс істейді.
Қазіргі таңда мұнда 20 бала лагерьге тегін қатысуда. Лагерь таңғы 9:00-ден түскі 13:00-ге дейін жұмыс жүргізеді.
Кез-келген ата-ана Оқушылар сарайына келіп балаларын өздері қалаған тегін үйірмеген бере алады. Ұрпақ тәрбиесіндегі негізгі қағидалардың бірі – баланың уақытын тиімді пайдалану. Білім көкжиегін кеңейтіп, бойындағы жаңа дарынды танып білу.
Айта кетейік, жалпы облыста биыл 35 мыңнан астам бала әлеуметтік жағдайына байланысты бюджет есебінен жазғы сауықтыру лагерлерінде демалады. Жалпы жаз мезгілінде облыс бойынша 22 сауықтыру лагерлері қызмет көрсетеді. Оның ішінде 7-уі мемлекеттік, 15-і жекеменшік лагерьлер бар. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда арнайы дайындықтан өткен 14 444 педагог қызметкерлер жұмыс істейді.