gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Діни қызметтің жауапкершілігі

18 мая, 2024
in Қоғам
0
Діни қызметтің жауапкершілігі
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңына сәйкес діни қызметпен айналысудың өзіндік шарттары мен талаптары бар. Дін — жауапкершілігі өте ауыр, бірақ өте нәзік сала. Осы саланы қадағалайтын арнайы органдар, жергілікті атқарушы билік өкілдері бар.

Уәкілетті орган дегеніміз — діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

Діни бірлестік — Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз мүдделерінің ортақтығы негізінде діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен ерікті бірлестігі;

Діни қызмет дегеніміз — діндарлардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет. Міне осы жоғарыда келтірілген діни бірлестіктер ғана біздің елімізде дінді насихаттап, діни қызметпен айналысуларына болады. Дегенмен де оларға да біршама шектеулер бар. Мысалы, жоғарыда айтылған кез-келген діни бірлестік өзіне берілген территорияларда, яғни құлшылық ету ғимараттарында ғана дінді насихаттаумен, уағыздаумен айналыса алады. Ал одан тыс жерлерде дінді насихаттау, тарату оқиғалары кездессе, оларға көзделген жауапкершілік бар.

Діни қызметпен айналысудың артықшылығы айналаңа тиғізер көл көсір пайдаң. Яғни бүкіл қоғамды дұрыс жолға бағыттауға аз ғана үлесіңді қосасың. Негізінде кез келген дін жақсылыққа үгіттейді. Айналадағы болып жатқан түрлі жағдайларға байсалдылықпен, сабырлықпен қарап көркем мінезді болуға тырысуымыз керек. Ата-бабаларымыздан айтқандай айналаңа, әрбір жанға жақсы сөз сөйле не болмаса үндеме дегендей ешкімге зиянымыз тиіп кетпегені абзал.

Бүгінгі таңда интернет өте үлкен әлеуметтік күшке айналып отыр. Осы интернет және әлеуметтік желілер арқылы жат ағымдар жалған діни ұстанымды жастарға насихаттап жүр. Сананы улайтын, теріс пиғылды адамдардың арбауына жастар түсіп, зардабын көруде. Жастар түрлі сайттарға кіріп, әр түрлі парақшаларға тіркеліп, сол оқыған нәрсесін дұрыс деп санап, қоғамннан да сол нәрсені талап етеді. Ғаламтордың осындай жетістігі мен қолжетімділігін дәстүрлі емес діни ағымдар да өз пайдаларына тиімді қолдануда. Олардың қызметі өздерінің идеологиясын белсенді түрде насихаттауға, жаңа мүшелерді өз қатарларына тартуға, жақтастарын теориялық және практикалық тұрғыдан оқытуға және өздеріне қарсы шыққан желі қолданушыларына қарсы ақпараттық күрес жүргізуге бағытталады.

Сондықтан кез-келген туындаған діни сұрақтарды өзіміздің Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мақұлдаған ұстаздарды, имамдарды, дін ғалымдарын тыңдауға шақырамыз. Әйтпесе интернет желісінде көптеген дұрыс жолдағы емес уағызшыларды кезіктіріп жатамыз. Діннен хабары болмаған кез-келген азамат сол уағызшылардың айтқанына сеніп соғынан еріп кетуі мүмкін.

Ә.Жақсыбаев

Әмина мешітінің имамы

Previous Post

Кенді шаһарда биыл 37 үй күрделі жөндеуден өтеді

Next Post

«Жайлы мектеп»: Сарыағаштағы бір ауылда мектеп салынуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz