Ұстаз жетістігі – шәкіртінің жеткен жетістігімен, алған асуларымен бағаланатыны белгілі. Сондықтан білім саласында саланың негізгі жетістіктері оқушылардың білім сапасымен, олардың жеткен жетістіктерімен бағаланады. Алдымен бүгінгі білім сапасын саралап айтатын болсақ, Түркістан қаласы облыстағы қала және аудандар арасында алғашқы қатардан түспей келеді. 2022-2023 оқу жылында білім сапасы 60% болған болса, 2023-2024 оқу жылының ІІІ тоқсанының қорытындысы бойынша қала мектептеріндегі оқушылардың білім сапасы 63,1% , орта баллы 4,08 болып отыр. Бұл облыс көлеміндегі ең жоғары нәтиже. Биылғы жылы орта мектепті 2823 оқушы бітіргелі отыр. Олардың ішінде 178 оқушы «Алтын белгіге», 171 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер. Бұл өткен жылғыдан едәуір жоғары көрсеткіш. Ал пәндік олимпиадалардағы жетістіктер бойынша 2022-2023 оқу жылында облыстық негізгі олимпиадаларға 114 оқушы қатысып, 77 оқушы жүлдегер атанса, Республикалық олимпиадаға қатысқан 8 оқушының ішінен 7 оқушы олимпиада жүлдесін жеңіп алды. 2023-2024 оқу жылында облыстық олимпиадаларда 145 оқушыдан 99 оқушы, Республикалық олимпиадаларда 10 оқушыдан 7 оқушы жүлделі орындарды жеңіп алды.
Түркия мемлекетіндегі Халықаралық Туризм және меймандостық Академиясымен ҚР-ның 2025 жылға дейінгі даму жоспарының стратегиясын, жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді тереңдете оқыту, ғылыми-практикалық жобаларды жүргізу және интеллектуалдық деңгейін жан-жақты дамытуды жүзеге асыру мақсатында отырған меморандумға сәйкес Анталья қаласындағы «Туризм академиясының» ұйымдастыруымен өткізілетін жалпы білім беретін пәндерден XV Халықаралық олимпиадаға Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан, Кения, Нидерландия, Украина, Алжир, Иран, Ливан, т.б. мемлекеттерінен оқушылар мен студенттер қатысып, математика, ментальды арифметика, орыс тілі, ағылшын тілі, физика, химия, биология, түрік тілі, география, дүниежүзі тарихы, бейнелеу өнері қоршаған орта пәндерінен №28 мектеп-лицейден 12 оқушы қатысып, 11 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
Қаладағы білім ошақтарында білікті ұстаздарға да, дарынды оқушылармен жұмыс істеуге айрықша көңіл бөлініп келеді. Түркістан қаласының педагогтары да, оқушылары да облыстық білім бәсекелерінде топ жарып, алдыңғы қатардан көрініп келеді. Биылғы жылы ұйымдастырылған негізгі олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстарында да айтарлықтай жүлделі орындарға ие болды. Мәселен, педагогтар арасында да жетістіктер аз емес. Мұғалімдер арасында өткізіліп жатқан облыстық, республикалық байқаулар мен фестивалдерде, олимпиадаларда жүлдегер атанып, түркістандық әріптестерінің мақтанышына айналған педагогтардың саны жүзден асады.
Бүгінгі таңда бөлімге қарасты мемлекеттік жылдары мемлекет тарапынан педагогтарға айрықша көңіл бөлінуде. Тарихта болмаған «Педагог мәртебесі туралы» заңының қабылдануының өзі де көп жайтты аңғартады. Бұл Заң педагогтардың құқықтарын қорғауға, мәртебесі мен білім беру мекемелерінде 4859 педагог қызмет етеді. Барлығы жоғары білімді педагогтар. Оның ішінде 1258 мұғалім «Педагог-модератор», 1006 мұғалім «Педагог-сарапшы», 922 мұғалім «Педагог-зерттеуші», 100 мұғалім «Педагог-шебер» санатына ие. Жоспарға сәйкес білімдерін жетілдіру курстарынан өтіп отырады. Сонымен қатар мектеп басшылары мен орынбасарлары да деңгейлік курстардан өтіп, тиісті басшылық санаттарын алған. Сондықтан, бөлімге қарасты мектептерде кадрлық жағынан да, олардың сапасында да мәселе жоқ. Қазіргі таңда барлық білім мекемелерінде педагог кадрлар тапшылығы сезілмейді. Барлық пәндер өз мамандарымен толық қамтамасыз етілген.
Білім саласы бүгінгі таңда ең ауқымды, жауапкершілік пен іскерлікті талап ететін салалардың бірі. 2022-2023 оқу жылында түркістандық педагогтар ҚР-да мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы және ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» №412 бұйрығы негізінде жұмыс істеуде. Бұл орайда педагогтар «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын жүзеге асыруда білім берудің заманауи әдістері мен түрлерін, озық педагогикалық тәжірибелерді енгізу, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыру арқылы білім алушылардың білім сапасын арттыру және Халықаралық зерттеулерге қатыса отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бағытын алға қойған. Айта кетерлігі, өткен оқу жылынан бастап «Bilim Land» платформасымен жұмыс істеуде.
2023-2024 оқу жылын 67 мектеп (34 мемлекеттік, 33 жекеменшік), 108 мектепке дейінгі мекеме (21 мемлекеттік, 87 жекеменшік), 6 мектептен тыс мекемемен бастады. Қазіргі таңда жекеменшік мектептердің саны 42-ге, жекеменшік балабақшалардың саны 121-ге жетті. Жалпы мектепте 52668 оқушы оқытылуда. Ал оларға 5114 педагог білім мен тәрбие беруде. Сонымен қатар, балабақшаларда 2-6 жас аралығында 16973 бала тәрбиеленіп жатыр. Ондағы тәрбиешілер саны 1282-і.
Түркістанда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ашылған мектептер саны артып отыр. Бұл да кәсіпкерлердің білім саласының дамуына қосып жатқан үлесі. Қазіргі таңда 42 жекеменшік мектептерде 10553 түркістандық оқушы білім алуда.
Түркістан қаласының білім бөлімінде және білім беру мекемелерінде білім сапасын арттыру бойынша үздіксіз жұмыстар жүргізіліп келеді. Олардың ішінде арнайы жобаларды атап айтуға болады. Яғни қазіргі таңда 8 бағыт бойынша жобалар жүргізілуде. Атап айтсақ, психология саласы бойынша «Бестерек», бастауыш білімді тиянақтау бағытында «Бастауыш мектепті тиімді басқару», жаратылыстану бағыты бойынша «Жасанды интеллект», оқушыларды кітап оқуға баулу мақсатында «Оқуға құштар мектеп», олимпиадалар мен ғылыми жобаларға дайындау бағытында «Олимпиада мектебі», бітіруші оқушыларды кәсіп таңдауға бағдарлау мақсатында «Бейін анықтау – маңызды іс», қосымша білімді дамыту бағытында «Ұшқыр ой алаңы» және білім беруді шетелдік тәжірибемен ұштастыру мақсатында «Lesson study» жобалары сәтті іске асырылып келеді.
Мектеп психологтары суицидтің, зорлық-зомбылық пен ерте жүктіліктің алдын алу және де тәуекел топтағы балаларды анықтап олармен жұмыс жасау үшін 2018-2020 жыл аралығында «БЕС ТЕРЕК» жобасын 100 пайыз оқып арнайы курстардан өткен. Қазіргі таңда мектеп психологтары осы жоба бойынша жыл көлемінде далалық және кабинеттік зерттеу, зерделеу жұмыстарын жүргізеді және де жасыл, сары, қызыл аймаққа енген балаларды анықтап, олармен жеке түзету-дамыту жұмыстарын жүргізуде және де зерделеудің қорытындысы бойынша тәуекел топқа енген балаларды анықтап, олардың ата-аналарымен бірлесіп психологиялық қолдау мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар мектеп психологтарының әдіс алмасу және әдісдемелік көмек беру мақсатында қалалық, облыстық семинарлар өткізіледі.
Одан бөлек 3-18 жас аралығындағы ерекше оқытуды қажет ететін балалар саны – 1850. Оның ішінде 1813 оқушы оқумен қамтылса, 37 бала оқуға жарамсыз деп танылған. 4 мектепте арнаулы білімді қажет ететін балаларға арналған арнайы инклюзивті орталықтары жұмыс істейді. Сондай-ақ, мектептердегі инклюзивті сыныптарда, балабақшалардағы инклюзивті топтарда балалар білім алуда. Оларға көмекші мектеп бағдарламасымен және жалпы орта мектеп бағдарламасымен жұмыс жүргізіледі.
Әлеуметтік осал топқа жататын яғни аз қамтылған балалар жайына келер болсақ, бөлімге қарасты білім мекемелерінде тұл жетім – 98, жартылай жетім – 1580, көпбалалы отбасында тәрбиеленетін – 16900, аз қамтылған – 2405, АӘК алатын отбасынан – 4095 бала бар. Олардың ішінде 1500 оқушыға түрлі акцияларда демеушілер есебінен көмектер көрсетіледі. Атап өтсек, мектеп формасы, қысқы киімдер, оқу құралдары, тағы басқа. Ал 4555 оқушыға жалпыға міндетті білім қоры есебінен 40567 теңге көлемінде бір жолғы қаржылай көмектер берілді. Солардың ішінде әлеуметтік осал топтағы 1434 бала ыстық тамақпен қамтылған. Бөлімге қарасты 34 білім мекемелерінде қызмет атқаратын 33 әлеуметтік педагогтар жоғарыдағы санатқа жататын балаларды әлеуметтік қамтамасыз ету жұмыстарымен айналысады.