gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Арыстық оқушы республикалық олимпиададан І дәрежелі диплом иеленді

24 мая, 2024
in Білім
0
Арыста Мұхамеджан Тынышбайұлының туғанына 145 жыл толуына орай шара өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында қазақ тілі мен әдебиетінен Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы республикалық олимпиада өтті. Республикалық олимпиадаға  Түркістан облысы, Арыс қаласының Білім бөліміне  қарасты «И.Журба атындағы жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Қайрат Кәусар қатысып, І дәрежелі дипломмен  марапатталды.  Ол – Іляс Жансүгіровтің 130 жылдығына орай жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында өткізілген  республикалық «Іляс Жансүгіров оқулары» байқауының «Сұлу сөздің сүлейі» бағыты бойынша қатысып, жүлделі ІІІ орын иегері атанды.

Жыл сайын қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білімдерін жетілдіру мен тереңдету, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында республиканың барлық аймақтарынан дарынды оқушылар бас қосады.

Жетекшісі – қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Гүлмарал Даулбаева.

Жүлдегер иелерін Арыс қаласының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Момбеков Әшімхан Тілеуханұлы арнайы құттықтап, ертеңгі еліміздің дамуына өз үлесін қосатын тұлға болып қалыптасуына тілек білдірді.

Олимпиада аясында жетекшілер үшін Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде шеберлік-класс ұйымдастырылды.

Previous Post

Зайырлы мемлекеттегі діндар адам

Next Post

Келес ауданында 300 орындық жайлы мектеп салынуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz