Түркістан облысы Білім беруді дамыту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Бәйдібек ауданы С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернаттында «Ұлттық құндылықтар – отбасылық тәрбие негізі» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті.
Семинардың мақсаты – отбасы құндылығы туралы түсініктерді, отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, ата-ана және бала қарым-қатынасын нығайту.
Ордабасы аудандық білім бөліміне қарасты тәрбие саласының мамандары қатысқан семинарда С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернаттың мамандары «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында тәрбие сағаттарын өтіп, ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы бойынша өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті. Мектепте 2023-2024 оқу жылында отбасы құндылығын арттыру мақсатында ата-аналармен жүйелі жүргізілігенін айтып өтті.
Семинар концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Отбасы құндылығы, ата мен әже тәрбиесі, бала тәрбиесіндегі әке рөлі сахналанды. Әсем ән шырқалды.
Семинарға қатысушы әрбір қонақ С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы білім беретін мектебінде ұйымдастырылған семинардан «білім қоржындарын» түрлі әдіс-тәсілмен толықтырып, ризашылқпен жақсы көңіл күйде тарқасты.
Елдіктің туын жықпайтын, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын ұрпақты тәрбиелеп шығару, бұл-ерлік. Педагогтердің тынымсыз еңбегін қандай сөзбен өрнектесек те аздық ететіндей көрінеді.
Отбасы дегеніміз – бұл шағын мемлекет. Мемлекеттің шаңырағы биік, керегелері тең, уықтары нық болуы үшін ұлттық бағытта тәрбие берудің маңызы жоғары. Ұлттық дәстүрлерден қол үзушілік тәрбиенің қайнар көзінен үзушілікке әкелетінін, ұрпақтар байланыстығы мен сабақтастығын бұзатынын, адамгершіліктің құлдырауын, еңбектің тәрбиелік мәнін құнсыздандыратынын тарихи тәжірибе қуаттап отыр. Демек, отбасы педагогикасымен байланысты мәселелердің маңызы ерекше. Отбасы – жеке құндылықтарды қалыптастырудың қайнар көзі, тәрбиенің бастауы, әр үйде балалар санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарастарды, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, даналық сөздерді, тәрбиенің жоғарғы үлгілерін сіңіретін де отбасы. Осы негізде отбасынан жалғасын табатын құндылықтар негіздерін ұмыт қалдырмай, жаңғыра түсейік, рухани болмысымызды жоғалтпайық!