Қазығұрт ауданындағы № 1 «Өнер» мектебінде Қазығұрт ауданының білім бөлімінің басшысы Б.Абдиевтың қатысуымен кеңес өтті. Жиынға аудандық білім бөлімінің басшысы, білім бөлімінің қызметкерлері мен әдіскерлері, мектеп директорлары және аудандық полиция бөлімінің ЖПҚ ЮПТ инспекторы, полиция аға лейтенанты қатысты.
Күн тәртібінде 5 мәселе қаралды. Атап айтсақ, алғашқы мәселесі бойынша Білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заңының орындалуы, ауданның білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылын қорытындылау іс-шараларын ұйымдастыру туралы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 30 наурыздағы «Терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтағы өзгерістер туралы №117 бұйрығы бойынша түсіндіру және осал объектілердің тізіміндегі білім және тәрбие беру ғимараттарының паспорттарын жаңарту, 2024 жылы оқушылардың жазғы демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыру туралы сондай-ақ «Таза Қазақстан. Түркістан –тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық акциясының өткізу барысы туралы және 2024 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жайлы бірқатар мәселелер қаралды. Жиында жауаптылар баяндама жасады. Кеңес отырысында қаралған мәселелер бойынша баяндамашыларға сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды.
Жиын соңында бөлім басшысы Бахтияр Сапарұлы күн тәртібіндегі мәселені қорыта келе жоғарыда аталған мәселенің қатаң бақылауда ұстауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында мектеп қажеттіліктерін өтеу үшін, бітіруші 4, 9, 11-сыныптардан, мектеп бітіруші түлектерден «Соңғы қонырау» салтанатында әкімшілік пен педагогикалық ұжымға сыйлыққа қаражат жинауға рұқсат етілмейтіндігін қатаң ескертілді. Мектеп директорларына сенбілікті жауапкершілікпен қарауды тапсырды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша талқылау жүргізіліп, ұсыныс пікірлер айтылды.
Айта кетейік, жиын соңында Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Қазығұрт аудандық комитеті және аудандық білім бөлімінің ұйытқы болуымен білім және ғылым сайыстарында жеңімпаз, жүлдегер атанған шәкірттер мен олардың жетекшілері марапаттау рәсімі өтті.
Салтанатты шарада аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Абдиев,аудандық білім бөліміне қарасты білім саласының ардагерлерінің төрағасы Ж.Құрбанов, Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Қазығұрт аудандық комитетінің төрағасы Қ.Анашев құттықтау сөз сөйледі.
Білім биігін бағындырған оқушылар мен үздік ұстаздарды қолдап, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған 10 жетекші мұғалім мен 52 оқушы марапатталып, «Алғыс хаттар» мен сыйлықтар табыс етілді.