Әрбір халықтың өз ана тілі бар. Ол – жеке адамның ойлап тапқан туындысы емес, барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Мен өз ана тілімді мақтан тұтамын, сонымен қатар мемлекеттік тілді өз деңгейінде меңгеруді мақсат етемін. Тілді меңгеруге мемлекетімізде барынша жағдай жасалып жатыр. Мемлекеттік тіл – татулық пен бірліктің тірегі. Тіл-қоғамның жемісі. Тілге деген құрмет-халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің мәртебесін биіктетуге міндеттіміз. Осы бағытта Саурам ауданында мемлекеттік тілді насихаттау аясында атқарылған жұмыстар жетерлік. Мәселен, ауданда Мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдерінің арасында «Мен қазақша сөйлеймін!» онлайн акциясы ұйымдастырылды. «Тіл үйренуге ниеті бар аудан тұрғындарын ақысыз оқуға шақырамыз» аудан көлемінде үш тілділік бойынша аудан тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы тегін курсқа шақыру қағаздары таратылды. Алғыс айту күніне орай «Рақмет саған Отаным» тақырыбында өзге ұлт өкілдерінің Қазақ еліне деген ыстық ықыластарын жеткізуі, алғыс айтылды. Ақсукент ауылында орналасқан дүкендер мен сауда орталықтарындағы бақылау – касса машиналар тілін мемлекеттік тілге ауыстыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ақсукент көпсалалы колледжінде Наурыз мерекесіне орай орыс тілі оқытушысы К.Азированың ұйымдастыруымен «Здравствуй, Наурыз!» атты танымдық сабақ өтті. Ағылшын тілі оқытушысы М.Байғондиеваның ұйымдастыруымен «Nauruz-Kazakh new year» атты танымдық сабақ өтті. Оңтүстік Қазақстан индустриалды-инновациялық колледжінде қазақ тілі оқытушысы Ш.Сағынтаеваның ұйымдастыруымен этникалық жастар арасында этносаралық және мәдениетаралық өзара іс-қимылдың, мемлекеттік тілді үйренудің маңыздылығы туралы ақпараттық түсіндіру мақсатында «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан» атты танымдық сабақ өткізілді. Ақсукент ауылдында «Сауатты жарнама – тіл тазалығының айнасы» аудандық акциясы ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы мамандары қатысуымен Сайрам ауданының мемлекеттік қызметшілер мен бюджет саласы қызметкерлер арасында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін аңықтау мақсатында QAZTEST жүйесі бойынша тестілеу сынағы өтті. Тестке аудандағы дербес бөлімдер мен жергілікті ауыл округтерінен 93 мемлекеттік қызметші қатысты. Сайрам аудандық Тілдерді оқыту және дамыту орталығының 10 жылдығы және ақын, қазақтың біртуар тұлғасы Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай өзге ұлт жастарының қатысуымен «Көркемсөз оқу шебері – 2023» аудандық байқауы өтті. Сайрам ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскери қызметшілерімен қызметкерлер арасында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу өтті. Сайрам ауданының 95 жылдығы, Сайрам аудандық Тілдерді оқыту және дамыту орталығының 10 жылдығы және ақын, қазақтың біртуар тұлғасы Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай өзге ұлт жастарының қатысуымен «Көркемсөз оқу шебері – 2023» аудандық байқауы өтті.
Былтыр Сұлтанмахмұт Торайғыров пен Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай этнос өкілдері арасында «Мен қазақша сөйлеймін!» атты акциясын қорытындылау шарасы өтті. Сонымен қатар жыл көлемінде «Тіл үйренейік!» атты акциясы және «Қазақшаңыз қалай?» атты сауалнама тұрақты түрде жүргізіледі. Акцияның мақсаты – Үштұғырлы тіл саясатын насихаттау, азаматтардың сөздік қорын арттыру және тіл үйренуге қызығушылықтарын ояту, отансүйгіштікке және мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу. Облыстық мәдениет және туризм басқармасының ұйымдастыруымен «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасында Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай Қазақ халқының ұлы ақындары шығармаларынан көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауына ауданнан Дилноза Исламова қатысып ІІІ орын иегері атанды. «Мемлекеттік тіл – менің тілім» облыстық байқауына Бахутова Гулназ Ридвановна ІІІ орын иеленді. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскери қызметкерлері және азаматтық персоналдары қызметкерлерінің қатысуымен «ЖАҢА ӘЛІПБИ: өзгерістер мен ерекшеліктер» тақырыбында атты дөңгелек үстел өтті. Сонымен қатар «Қазақстан халқы тілдері» күніне орай «Тілім – тірлігімнің айғағы» атты конференция болып өтті. «Тілдік кемсітуге жол жоқ!» атты дөңгелек үстел өткізілді. Қарамұрт және Манкент ауылдық мәдениет үйлерінде Жамбыл облыстық «Жаңа ру» жастар коалициясының қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тілдік және этикалық нысандарына жол бермеу» атты әлеуметтік жобасын іске асыру бойынша «Ұлты басқа тірегі бір» атты тренинг өтті. Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасының тапсырмасына және Сайрам аудандық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ нің жұмыс жоспарына сәйкес тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтанушылық және талдамалық зерттеу жүргізу мақсатында аудан халқынан сауалнама алынды. Сауалнамаға әртүрлі ұлт, әртүрлі жас, әртүрлі қызмет атқаратын аудан халқынан 1000 азамат қатысты. Сауалнамаға халықтың тілді меңгеруі, қызметте, күнделікті өмірде олардың қай тілде сөйлейтіні, тағы басқа туралы сұрақтар қойылды. Талдамалық зерттеу нәтежиесінде сауалнамадан өткен халықтың дені мемлекеттік тіл – қазақ тілінде сөйлеп, жазатыны және күнделікті қарым-қатынаста оны пайдаланатыны анықталды. Ауданның 15% тұрғыны өзге тілде сөйлеп, күнделікті өмірде сол тілде пайдаланылатынын белгіленді. Орыс тілінен познавательный час на тему «Сила слова» Ағылшын тілінен «The Kindom of two languages» сайыс сабақ.
«№28 Ақбай ЖОМ» КММ-де жалғасын тапқан ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілде тест тапсыру №47 ЖОМ, №56 Ю.Гагарин ЖОМ-де аяқталды. Тыңдалым, лексика-грамматикалық құрылым, оқылым тапсырмалары бойынша 100 тапсырмадан тұратын тестке 406 аудандағы мектеп мұғалімдері қатысты. 2023 жылы дербес бөлімдер мен жергілікті ауыл округтерінен 530 мемлекеттік қызметші аудандағы мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері диогностикалық ҚАЗТЕСТ тапсырды. «Мемлекеттік тілдің рөлін күшейту және оның ғылым мен білім саласында қолдану аясын кеңейту» тақырыбында дәріс өтті. Ақсукент ауылдында «Сауатты жарнама – тіл тазалығының айнасы» аудандық акциясы өткізілді. Акцияға, Сайрам аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Т.Жайлаубекова, Сайрам ауданы Кәсіпкерлік бөлімінің қызметкері Х. Убайдуллаев, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері А.Рысқұлбек, Ж.Махулбек, Ақсукент ауыл округі әкімшілігінің бас маманы З.Смаилова қатысты.
Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалатын баға жетпес мұра.