Сайрам ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 3 білім ошағының құрылысы жоспарланған. Соның бірі – биыл Ақсукент ауылдық округінде 600 орындық білім нысанының құрылысы жүргізіліп жатыр. Жоба үйлестірушісі «Самұрық-Қазына» АҚ-ы. Білім нысанын салуға 3,14 га жер телімі қарастырылған. Ғимараттың ауданы 8 419,71 шаршы метрді құрайды. Құрылысы өткен жылдың қыркүйек айында басталған. Қазіргі таңда жертөле бетондары құйылып, іргетасын қалау жұмыстары атқарылуда. Бүгінде жаңа құрылыс аумағында 6-17 жас аралығында 544 бала тіркелген. Бұл балалардың 290-ы жаңа құрылыс аумағынан 5-6 км ара қашықтықта орналасқан Әйтеке би ауылындағы №68 С.Датұлы мектебіне тасымалдануда, Ақсукент ауылындағы №97 Сұраншы батыр мектебіне 32 оқушы, С.Сейфуллин мектебіне 22 оқушы, М.Горький мектебіне 12 оқушы, Бабыр мектебіне 88 оқушы және жекеменшік М.Ауезов және Д.Қонаев мектептеріне 100 оқушы қатынап білім алуда. Елді мекен аудан орталығына жақын орналасқан, жаңа құрылыс болып есептеледі, халық көп шоғырлануда. Халық саны күннен күнге өсуде. Қазіргі таңда ауылда үй іргелік жер алуға кезекке тұрған азаматтар тіркелген. Басым көпшілігі жастар. Бүгінде мектептің құрылысы басталып жұмыстар жүргізілуде.
Ақсукент ауылдық округіндегі мектептен бөлек, Ақбұлақ және Қарасу ауылдық округінде де 600 орындық мектеп бой көтереді. Ақбұлақ ауылындағы мектепті салуға жалпы көлемі 2,3 га жер телім бөлінген.
Ақбұлақ ауылындағы №18 Ә.Құрмантаев атындағы мектепте 1969 және 1986 жылы пайдалануға берілген ескі стандартпен 528 орындықты құрайды. Қазіргі таңда 1660 оқушы білім алуда. Оның 1510 бала Ақбұлақ ауылының балалары, 150 бала Қорғаншы және Қарамұрт елді мекендерінен қатынап оқиды. Ақбұлақ ауылынан 273 бала Ақсукент ауылындағы С.Сейфуллин және М.Горький мектептеріне барып білім алып жатыр. Бүгінде Ақбұлақ ауылында «Кәусар бұлақ» жекеменшік мектеп құрылысы аяқталуда, биыл іске қосылып, болжаммен 400 баланы қамтылмақ. 2023-2024 жылдарға жоспар бойынша Ақбұлақ ауылындағы 600 орындық мектеп құрылысын салу жоспарланған.
Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылдық округінде халық саны 5261 адамды құрайды. Оның ішінде 1-5 жас аралығында 911 бала, 6-17 жас аралығындағы 1783 бала бар. Алдағы бес жылда халық саны 8500-ге жетеді деп күтілуде. Жыл сайын 180 балаға өсім бар.
Сонымен қатар Қарасу ауылындағы білім нысанына жалпы көлемі 4 га жер телімі бөлінген. Қазіргі таңда 3266 жер телімі берілген, 2558 ге жуық үй қоныстанған. Халық көп шоғырланған, саны күннен күнге өсуде. Құрылыс жүретін жер аудан орталығына және қалаға жақын орналасқан.
Жалпы ауылда 8 мемлекеттік мектеп орналасқан. Оқушылар саны – 6142. Алдағы бес жылда халық саны 27742-ге жетеді деп күтілуде. Қарасу ауылында халық саны 13586. 1-5 жас аралығындағы 1992 бала, 6-17 жас аралығында 3882 бала тіркелген. Қарасу ауылында 3 мектеп бар. Олар А.Байтұрсынов атындағы мектеп ғимараттары 1970 және 2010 жылдары пайдалануға берілген ескі стандартпен жобалық қуаты 560 оқушы орынға арналған. Қазіргі таңда мектепте 1171 оқушы білім алуда. Ал М.Сапарбаев атындағы мектеп ғимараттары 1912 жылы, 1960 және 1991 жылдары қолданысқа берілген. Жобалық қуаты ескі стандартпен 460 оқушы орынға арналған, қазіргі таңда мектепте 1253 оқушы білім алуда. №74 жалпы орта мектеп 2017 жылы қолданысқа берілген. Жобалық қуаты 600 оқушы орынға арналған, мектепте 1000 оқушы білім алуда. Ақсукент ауылында орналасқан М.Горький мектебінде оқитын 302 бала, Бабыр мектебінен 80 бала қатынап білім алуда. Қарасу ауылынан «Жайлы мектеп» іске қосылған кезде А.Байтұрсынов атындағы мектепте 800 бала, М.Сапарбаев мектебінде 800 бала, №74 мектепте 1000 бала «Жайлы мектепке» 1206 бала білім алу жоспарлануда
Қарасу ауылдық округінде 25 242 халық тұрады. Оның 1-5 жас аралығындағылары 4243, ал 6-17 жас аралығындағылар 6370 бала.
Бұдан бөлек, 2023-2024 оқу жылына мекемеге қарасты білім беру ұйымдарына жалпы 7 түрлі баспадан қосымша 58333 оқу құралдары мектептерге таратылып берілді. Жалпы аудан аумағында қазіргі таңда оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету көрсеткіші 100 пайызды құрап отыр. 2023-2024 оқу жылында мекемеге қарасты білім беру ұйымдары оқулықтармен толық қамтылған. Цифрландыру бағытында биыл 1-6-сыныптар 100%, ал 2025 жылы 7-11-сыныптар 100% электронды оқулықпен қамтылуы жоспарлануда.
Цифрландыруда өңірдің ерекше атап өтер тұсы – орта білім беру жүйесі толықтай отандық электронды жүйеде жұмыс істеп, негізгі пәндер бойынша тегін 30 мыңнан аса интерактвті сабақтарға, түлектерге арналған 100 мыңға жуық тегін тесттерге қол жеткізіп отыр. 2023-2024 оқу жылында 1-сыныпқа жалпы 4515 электронды оқулықтар және 2-сыныпқа жалпы 10016 электрондық оқулықтармен қамтамасыз етілді.
Жалпы ауданның білім бөліміне қарасты 98 мектеп бар. Соның ішінде 79 жалпы орта мектеп, 12 негізгі мектеп, 7 бастауыш мектеп жұмыс істейді. Онда 65348 оқушы білім алады.