Сауран ауданы, Иассы ауылдық округі, Еңбекші Дихан елді мекенінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тапсырысымен 600 орындық «Жайлы мектептің» құрылысы жүріп жатыр. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, білім ұясының құрылыс барысын бақылады. Мердігерлермен кездесіп, нақты тапсырмалар міндеттеді. Сапаны қатаң бақылап, ғимаратты мерзімінде тапсыруды ескертті.
Құрылыс жұмыстарын «Ныш-Ер» ЖШС 2023 жылдың тамыз айында бастады. Жаңа ғимаратты биыл білім күніне дейін тапсыру көзделген. Жоба құны – 4,267 млн теңге. Жалпы ауданы 2,8 гектарды құрайды. Ал, ғимараттың жалпы ауданы – 8 419,71 м2. Тапсырыс беруші АО «Samruk-Kazyna Construction»
Сауран ауданында жалпы 53 мектеп бар. Онда оқушылар саны 25 мыңнан асады. «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында ауданда 5 мектеп жоспарланып, үшеуінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ, С. Қожанов елді мекенінде 300 орындық мектеп, Еңбекші дихан елді мекенінде 600 орындық, Аша елді мекенінде 600 орындық, Ынталы және Құмтүйін елді мекендеріндегі 600 орындық мектеп құрылысы және облыстық бюджет есебінен Абай елді мекеніндегі 300 орындық мектеп құрылысы биыл басталады. Сонымен қатар Оранғай ауылдық округінен 150 орындық жаңа мектеп құрылысы аяқталды. Бұдан бөлек, кәсіпкерлер есебінен 5 мектептің құрылысы жүруде. Нақтырақ атап өтсек, олардың қатарында «M-School» Шаға ауылдық округінде орналасқан, 400 оқушыға арналған мектеп, «Гимназия Иқан» мектебі, Ескі Иқан ауылдық округінде орналасқан, 380 оқушыға арналған мектеп, Жаңа Иқан ауылдық округінде орналасқан 580 орындық мектеп, «Заңғар – М» — 2 мектебі Жүйнек ауылдық округінде орналасқан, 700 оқушыға арналған мектеп, «Жалил Абдуллаев зияткерлік мектебі»Жүйнек ауылдық округінде орналасқан 500 орындық мектеп бар.
Айта кетейік, Түркістан облысындағы үш ауысымды және апатты мектептердің мәселесін шешу мақсатында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында заманауи мектептер бой көтеруде. 2025 жылға дейін 49 мың бала білім алатын 63 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Жайлы мектептердің құрылысы Сауран ауданында да қызу жүргізілуде.