Жазғы лагерге демалу – әрбір баланың арманы. Бірақ барлық ата-ана баласының жазғы демалысының әр күнін мерекеге айналдыруға мүмкіндігі жете бермейді. Осыны ескерген мемлекет әлеуметтік жағдайы төмен отбасында өскен балалар мен оқуда озат оқушыларды демалыспен қамтуды қолға алған. Осыған орай биылғы жылы «Қазақстан халқына» қорының «Жаздық жолдама» қайырымдылық жобасы аясында Сарыағаш ауданының 300 оқушысына «Машат-Арасан» оқу сауықтыру орталығына жолдама берілді. 11 маусымда 2 ауысым бойынша 100 бала жазғы тынығу лагерінде демалса, қазіргі таңда 21 маусымнан басталған 3 ауысымда 100 бала тынығуда. Алдағы 4 ауысымда да 100 бала демалатын болады.
«Машат-Арасан» жазғы сауықтыру легеріндегі балалардың жағдайын бөлім басшысы Дәулет Анасұлы көріп қайтты. Жаз маусымындағы демалысын тиімді әрі таңғажайып қызықтарға толы болып өтуіне тілектестік білдірді.
Айта кетейік, 2023 жылы «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры есебінен 300 оқушы Төле би ауданында орналасқан «Изуми» және «Көктөбе» жекеменшік лагерлерінде демалған болатын.
Айта кетейік, өңірде 35 мыңнан астам бала әлеуметтік жағдайына байланыстыбюджет есебінен жазғы сауықтыру лагерлерінде демалады. Жалпы жаз мезгілінде облыс бойынша 22 сауықтыру лагерлері қызмет көрсетеді. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда арнайы дайындықтан өткен 14 мыңнан аса педагог қызметкерлер жұмыс істейді. Сонымен қатар, жоғары оқу орындары мен жастар орталықтарынан 95 волонтерлар, 80 облыстық колледж студенттері практикаға тартылады. 20 мыңнан аса бала ата-аналар есебінен ақылы демалады. «Қазақстан Халқына» қоры есебінен өңірдегі 2 лагерде 3421 бала (Түлкібас (2000 бала), Төлеби аудандарының (1421 бала) лагерлерінде) демалады деп күтілуде. Бұл 0,8% құрайды.