Сайрамда 2023-2024 оқу жылында 65348 оқушы білім алуда. Былтырғы жылмен салыстырғанда 1942 оқушыға артып отыр. Ал 1-сыныпқа 5924 оқушы барды. Ауданда барлық мектептерде жалпы 8307 мұғалімдер жұмыс істейді. 2022-2023 оқу жылында 3459 оқушы мектеп бітіріп, ҰБТ-ға 1987 оқушы қатысты. «Алтын белгі иегерлері 91 оқушы, «Үздік аттестат» иегерлері 278 оқушы.
2023 жылы аудан бойынша ҰБТ тапсырған 1900 оқушының 710 (35%) мемлекеттік грант иегері атанды. Оның ішінде «Серпін» бағдарламасы бойынша 168 оқушы грант иегері атанды. Шетелге түрлі оқу орындарына ақылы, грант негізінде 29 оқушы түскен.
2023-2024 оқу жылында 3675 оқушы бітіруші түлек болса оның 152 «Алтын белгі» үміткер болса, 327 оқушы «Үзік» аттестат үміткер болса, 648 оқушы 9 сынып оқушыларының «Үздік аттестатқа алуға үміткер».
Биылда негізгі ҰБТ-ға екі рет тест тапсыруға мүмкіндік беріліп отыр. Екі куәліктің ішінен ең жоғары ұпайды алып, грант тағайындау конкурсына қатысуға болады. Грантқа өтпей қалса ақылы бөлім болады. Оған да шекті ұпай жетпей тұрса, тамыз айында ақылы тест тапсыруға болады. Бағасы – 4 230 теңге Жалпы білім беретін 79 мектептерден ҰБТ–ға 2179 оқушы өтініш білдірген. Оның 1987 оқушы қазақ тілінде тапсырса, 192 оқушы орыс тілінде тапсырады деп күтілуде.
Өткен жылы ауданға қарасты мектептерде 3 км-ден жоғары қашықтықтан қатынайтын 14 мектептен 1436 оқушыларды тасмалдау үшін 75298,0 мың теңге жоспарланған. «Балалар жылы» аясында Мемлекет басшысының тапсырмасымен аудан мектептеріне лизинг тәсілімен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы 9 жаңа заманауи автобустар әкелінді. Қазіргі таңда, 9 автобус аудандағы 9 мектепке жеткізіліп, 631 бала осы автобустармен тасымалданды.
Сайрам ауданында биылғы оқу жылында 202 білім беру мекемесі жұмыс атқарады. Бұл дегеніміз – былтырғы жылмен салыстырғанда 11 мекемеге артып отыр. Оның ішінде 74 мемлекеттік және 24 жекеменшік мектептер. Сондай-ақ, 11 мемлекеттік пен 90 жекеменшік балабақша жұмыс істейді. Аудан бойынша 1,6 жастағы бала саны – 43322. Өткен жылы 1635 орындық 7 жекеменшік балабақша іске қосылды. Олар Қарамұрт ауылынан 100 орындық «Нұрлы шуақ», Қарабұлақ ауылынан 1000 орындық «Жас ұлан», 125 орындық «Сұлтан – 2023», 110 орындық «Мухамедәли», 100 орындық «Лилия» және «Хансұлтан», Ақарыс ауылынан 100 орындық «Ақбөпем» балабақшалары. Бүгінгі таңда 14040 орындық 101 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс арқылы 13828 бала тәрбиеленуде. Атап айтсақ, 11 мемлекеттік мекемеде 1720 бала, ал 90 жекеменшік мекемеде 12108 бала білім алуда. Соңғы деректер бойынша ауданда 98 мектеп бар.
Білім басқармасы тарапынан балабақшаларға жаңа орындарға конкурс жарияланған болатын, конкурс корытындысы бойынша аудандағы балабақшаларға қосымша 560 орынға мемлекеттік тапсырыс беріліп, бұл қосымша орындардың қаржысы 2024 жылдың қантар айынан бастап берілді. Түркістан облысы әкімінің Қаулысы бойынша балабақшадағы 2-6 жастағы балаға 46305 тенгеден, санаториялық топтағы 80 балаға 75725 тенгеден төленуде. Былтыр ауданда 11 мемлекеттік балабақшаның 7-уінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп толық аяқталды.