Әлеуметтанудағы жеке адамдар мен топтардың әлеуметтік бақылауы – жеке адамдар мен топтардың мінез-құлқын реттейтін әлеуметтік процестерді сипаттау үшін кеңінен қолданылатын термин. Барлық қоғамдағы мінез-құлықты бағыттау нормалары мен ережелері болғандықтан, осы нормалардың барлығы бірдей дәрежеде сәйкестікті қамтамасыз ететін және ауытқумен күресетін механизмдер болып жұмыс атқарады. Әлеуметтік бақылау – әлеуметтендіру процесінің жалғасы. Әлеуметтену – жеке адамның қоғамда өмір сүруіне қажет ілімдер, ережелер мен бекітілген мінез-құлқы, іс-әрекеттер жүйесін меңгеру үрдісі. Өзін-өзі бақылау, әлеуметтенудің субъективтілігі. Адамдар үшін қоғамда маңызы бар үлгі, рөл, қарым-қатынас және институт түрлеріне сәйкес келу үшін әлеуметтік бақылау тарапынан адам үстінде қысым болады. Қысқасы, қоғам мүшелері әлеуметтік бақылау арқылы қоғамдағы рөлдерін үйренеді және қоғаммен интеграцияланады.
Алғаш рет әлеуметтік бақылау әлеуметтанулық термин ретінде, американдық әлеуметтану негізін қалаушылардың бірі Эдвард Алсворт Росс (1866-1951) тарапынан анықталды. Ол адамдардың қалай үйлесімді өмір сүретінін көрсету үшін әлеуметтік бақылау тұжырымдамасын көп қолданды және осы тақырыпта үздіксіз зерттеулер жүргізді. Әлеуметтік бақылау негізінен американдық әлеуметтануда пайда болған термин болып саналғанымен, аталған терминнің еуропалық әлеуметтануда функционалдық аналогтары да бар.
Әлеуметтік бақылау әлеуметтанудағы ұғым ретінде 19 ғасырдың аяғынан бастап әлеуметтанушылар арасында жиі қолданыла бастады. Бүгінге дейін, бұл тұжырымдамаға әртүрлі теорияларды қосу арқылы жетілдіріп кеңейтіліп отырды және қоғамдағы жеке тұлғалардың қылмыстық және девиантты мінез-құлықтан сақтануы үшін әртүрлі пікірлер мен теориялар айтылды. Қоғамды қадағалау, тәртіпті сақтау, адамдардың жанжал, ауытқу және қылмыс сияқты мінез-құлқына жол бермеу, бір сөзбен айтқанда, әлеуметтену үдерісінен тиісті түрде өту үшін қолданылатын механизмдер әлеуметтік бақылауды құрайды.
Қоғамда әлеуметтік бақылауды екі топта қарастыруға болады: ресми және бейресми. Қазіргі қоғамдағы ресми әлеуметтік бақылауды бірінші кезекте мемлекет жүзеге асырады. Қоғамда өмірге өзіндік көзқарас беретін дін маңызды әлеуметтік бақылау құралы ретінде қарастырылады. Өйткені дін қоғамдағы әлеуметтік мінез-құлыққа байланысты әртүрлі директивалар жасайды. Мысалы, дін – кісі өлтіру, ұрлық, алаяқтық, өтірік айту, пара алу, бопсалау, ұрып-соғу, әдепсіздік және т.б. көптеген жағымсыз әлеуметтік мінез-құлықтан аулақ болуды бұйырады, кеңес береді. Осы себепті олар институционалдық деңгейде де, жеке деңгейде де маңызды әлеуметтік бақылау құралы ретінде жұмыс істейді. Кең таралған түсінікке сәйкес, діндарлық пен дінге бағдарлану деңгейі жоғарылаған сайын адамдардың әлеуметтік бақылауға бейімделу дәрежесі де артады. Басқаша айтқанда, діндарлықтың артуы мен әлеуметтік бақылаудың арасында оң (позитивті) байланыс бар деп болжауға болады.
Дін, қоғамдағы сенім әлемін реттеумен қатар социологиялық тұрғыдан алғанда көптеген функцияларды орындайды.
Діннің әлеуметтік функциялары дегеніміз – діннің қоғамдағы орны мен әсері, оның қоғам үшін атқаратын қызметі мен міндеттері. Айта кету керек, бұл функциялардың барлығы қоғам үшін жағымды бола бермейді. Діннің көптеген жағымды немесе жағымсыз жақтары бар, олардың көрінетін немесе көрінбейтін, ашық немесе жасырын әлеуметтік функциялары бар. Діннің қоғамдық өмірдегі алғашқы негізгі қызметі – қоғамда сенім жүйесін орнату. Сонымен қатар оның маңызды функциялары – интеграция, қақтығыстар мен бытыраңқылық, сәйкестілікке ие болу, әлеуметтену, мәдениетті сақтау және атадан балаға беру, менталитетке ие болу және т.б. Осы функцияның арқасында дін адамдарды қоғам ережелеріне сәйкес ұстауға көмектесу арқылы әлеуметтік тәртіпке ықпал етеді. Діннің бақылау міндеттерінің екі түрі бар: сыртқы және ішкі бақылау. Бұл индивидті сырттан, қоғам арқылы бағынуға мәжбүрлейтін сыртқы бақылау және индивидтің ішкі дүниесіне, ар-ожданына әсер ету арқылы оны бағынуға мәжбүрлейтін ішкі бақылау.
Жеке тұлғалар тарапынан қабылдаған дін қоғамда адамдар арасындағы бірлік пен татулық қарым-қатынасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Дін өзінің интеллектуалдық, эмоционалдық және практикалық аспектілерімен бір мезгілде ақылға, эмоцияға және еңбекке, яғни адам болмысының барлық қасиеттеріне жүгінеді, әлеуметтік бірлік пен тәртіпті орнатады. Байқасақ, қоғамдық өмірде маңызды орын алатын заңдылықтардың ішіндегі ең тиімдісін дін әкеледі. Бұл жағдайда діни заңдастыру дін мен діни дереккөздер арқылы негіздеу, түсіндіру және жарамдылыққа ие болу процесін білдіреді.
Сонымен қатар, дінді салт-дәстүрді қалыптастырудың маңызды көзі ретінде қарастыра аламыз. Дін тек терең дүниенің ғана емес, сонымен бірге өткеннен бүгінге дейінгі қоғамдық өмірдің бір бөлігі, ол тараған қоғамға сәйкес әртүрлі формада болады. Белгілі болғандай, діндер әдетте адамдарды игі істер жасауға шақырады, оларды жамандық жасаудан және басқаларға зиян келтіруден ұзақ ұстайды. Осылайша, діннің адамдарды ішкі жағынан басқаруының ең маңызды ерекшелігі бұл – оларға қоғамдағы ненің жақсы, ненің жаман екенін айтатын және оларды үйлесімді мінез-құлыққа бағыттайтын мораль береді.
Сонымен қатар, дін – діндар адамдардың қылмыстық және жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекеттерден ұзақ тұрудағы ең маңызды бақылауды қамтамасыз етеді. Мемлекет қылмыс немесе ауытқу деп санайтын мінез-құлық көбінесе дін күнә деп санайтын мінез-құлықпен сәйкес келеді. Діндегі қауымдастықтар жеке адамға қоғаммен әлеуметтік байланыс орнатуға және оны қылмыстық және девиантты мінез-құлықтан қорғауға көмектеседі. Қазіргі қоғамдардағы ресми әлеуметтік бақылаудың ең ірі және тиімді тәжірибешісі – мемлекет. Үкімет заң, сот, полиция, жұмысты тоқтату мекемелері мен заманауи технологияларды қолдана отырып, өз азаматтарын бақылауда ұстайды. Қазіргі қоғамдарда діннің бақылаушы күші белгілі бір дәрежеде төмендегенімен, ол әлі күнге дейін діндар адамдардың өміріндегі маңызды бақылаушы күш болып қала береді.
Қорытындылай келе, әлеуметтік бақылау мен дін бір-бірімен тығыз байланысты әрі бір-біріне қатты әсер етеді. Дін, бір жағынан, қоғамдағы тәртіп пен ұйымшылдықты сақтау үшін догмаларды, рәсімдерді және моральдық нормаларды қолдана отырып, әлеуметтік бақылаудың құралы ретінде әрекет ете алады. Саяси және экономикалық жағдай сияқты әлеуметтік факторлар болса діни институттар мен тәжірибелерге әсер етеді. Дін мен әлеуметтік бақылау арасындағы байланыс күрделі және көп қырлы екенін ескеру маңызды. Оның оң және теріс салдары болуы мүмкін. Алайда дін мен әлеуметтік бақылаудың әртүрлі қоғамдарда бір-бірімен қалай әрекеттесетінін түсіну үшін тарихи, мәдени және саяси факторларды ескеру қажет. Осылайша, дін мен әлеуметтік бақылау арасындағы байланысты зерттеу бізге қоғамның қызметін, діннің адам өміріндегі рөлін және әлеуметтік өзгерістердің динамикасын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
А.Өмірбек,
Түркістан облысы дін істер басқармасы
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ социолог маман