Түркістан облысының білім басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының» ұйымдастыруымен, орталықтың директоры Ешенқұлов Бақытжан Қабайұлының бастамасымен оқушылардың жазғы демалысын үнемді пайдалану, мәдени және тарихи мұраларды дәріптеуге және тарихи естеліктерді сақтауға баулу мақсатында «Облыстық тарихы керуен шеруі» өтті. Керуен-шерудің ашылуы салтанатты жиыны «Батырбек Өтеп атындағы мамандандырылған «Өнер» мектеп-интернатының ғимаратында ұйымдастырылды. Оған әр аудан, қалалардан 10 оқушыдан құралған, түрлі байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, дарынды өнерлі оқушылар өз елінің патриоттары яғни, 170 оқушы қатысты.
Ашылу рәсімінде сөз алған Бақытжан Қабайұлы тарихи керуен-шеруді ашып беріп, қатысушы балалар мен жетекшілерге өз алғысын айтып, алдағы 5 күндік саяхатқа сәт-сапар тіледі. Сонымен «Облыстық тарихи керуен шеру» Бәйдібек өңірінде орналасқан Ақмешіт әулие үңгірінен бастау алып, үңгірдің түрлі аңыз-әңгімелерін естіп тарихымен танысты. Сонымен қатар Қаратау бөктерінде орналасқан, айналасына шуақ шашқан, барша қазақтың анасына айналған Домалақ ана кесенесімен танысып, кесененің мөлдір бұлағынан су алып, тарихи сәттерді еске алып оқушыларымыз бойларына күш қуат алып қайтты. Жалғасын тапқан «Тарихи керуен шеру» келесі күні Түлкібас ауданындағы «Ақсу Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығына табан тіреді. Орталық Азиядағы ЮНЕСКО-ның биосфералық қорық мәртебесіне ие болған қорық музейі ішіндегі сирек кездесетін аң құстардың, жан-жануарлардың көп деген түрлерін және алуан түрлі өсімдіктердің түрлеріне қанық болды.
Керуен шеруіміз 1 шілде Төле би ауданында орналасқан Адамзат өмірінің бастау Адам ата мен Хауа ана жартасы болған «Ғайып Ерен Қырық Шілтен» қасиетті мекенінде болды. Ондағы қызметкерлердің көмегімен тау-тастағы дүниелердің ерекшелігі мен шығу тарихын естіп, оқушыларымыз тарихи білімдерін толықтырды. Шеруге қатысушылар Қазығұрт ауданында орналасқан Оңтүстік символына айналған қасиетті тауымыз Қазығұрт тауында «Кеме қалған» манументімен танысты. Халық аузында аңызға айналған, жер бетіне тіршілік нәрін сепкен Нұһ ғ.а пайғамбарымыздың кемесімен танысып бойларына мәдени, тарихи сәттерді естеліктерді бойына сіңірді.
Осы орайда, Арыс оқушылары «Облыс тарихы» атты керуен берудегі белсенділігі үшін марапатталды. 2024 жыл – Балалар жылы аясында өткен шеруге Арыс қаласынан 9 оқушы қатысып, шарада жоғары білім деңгейін көрсететкені үшін ІІІ орынға ие болған Батырәлі Каусар 10 000 сертификаттарға ие болып, балаларымыз жақсы көңіл-күймен демалып келді.