Биылғы жылдың 10-27 маусым аралығында өңірлік техниалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қорытынды мемлекеттік аттестаттау, «WorldSkills» кәсіби стандарттарына сәйкес демонстрациялық емтихандар өткізілуде.
Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына, Түркістан облысының 2024-2025 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес «WorldSkills» бағалау жүйесін енгізген колледждердің үлесі 2024 жылға 80 пайызды құрамақ.
Назарларыңызда Түркістан облысы білім басқармасына қарасты Кентау көпсалалы колледжінің бітіруші түлектері. Оқу жылының қорытындысы бойынша «Ғимараттар мен құрылыстарды салу» мамандығын бітіруші түлектер «Кескіндеме және сәндік жұмыстар» құзыреттілігі бойынша 4 модульден тұратын демонстрациялық емтихан тапсырып, өз біліктіліктерін айқындауда. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес біліктілік комиссиясының құрамы 60%-дан кем емес арақатынаста кәсіпорындар (жұмыс берушілер) өкілдері және 40 пайыздан артық емес білім беру ұйымдары өкілдері қатарынан қалыптастырылып, колледждің әлеуметтік серіктестері «JASYL SUYQ QAZAQSTAN» ЖШС, «Astana Construction Building» ЖШС құрылыс зауыттарының өкілдері қатысты.
Биылғы оқу жылында облыстық Техникалқы және кәсіптік білім беру ұйымдарында жалпы 10 мыңға жуық түлек оқуды аяқтады. Соның ішінде 3851-і «WorldSkills» кәсіби стандарттарына сәйкес демонстрациялық емтихандар тапсыруда.