gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Түркістан облысының оқушылары робот құрастырудан жарысты

11 июля, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Түркістан облысының оқушылары робот құрастырудан жарысты
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң ұйымдастыруымен облыстық «Жастар лигасы» атты робототехника және авиациялық техникадан байқау өтті. Жарыстың негізгі мақсаты — оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту, оларды инженерлікке машықтандыру, робототехника және бағдарламалау қабілетін дамыту, сондай-ақ дарынды оқушыларды анықтау.
Байқауға жалпы және мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 8-9 сынып оқушылары арасынан 17 өтінім түсіп, 10 команда бақ сынады.
Қатысушылар 3 кезең бойынша роботтарды құрастырып, оларға бағдарлама енгізді. Сонымен қатар, құрастырылған робот кедергілерден өтіп, оқушылар машинаны басқарумен де сынға түсті. Бұдан бөлек, роботтар стандартты алгоритмдер мен бағдарламалық шешімдерді орындады.
Байқау қорытындысында төлебилік «ARDUOUS MASTERS» командасы жеңімпаз атанып, 500 мың теңгені қанжығасына байлады. Ал, Кентау қаласынан келген «TURKISTAN ROBO PRIME» командасы екінші орынға жайғасып, 300 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлық жеңіп алды. Ал, үздік үштікті Бәйдібек ауданынан келген «ROBO BRAND» командасы қорытындылап, 200 мың теңге көлемінде сыйақыға ие болды.
Сонымен қатар, жарысқа қатысқан барлық команда 70 000 теңге көлемінде қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Previous Post

Етікші болуы үшін еңбекқорлықпен қатар ептілікте керек

Next Post

Сарыағаштық үздік оқушылар «Қазақстан халқына» қорының есебінен лагерде тынығуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz