gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Еңбегі жанған ұстаз

23 июня, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Еңбегі жанған ұстаз
Share on FacebookShare on Twitter

Еліміздің бүгіні мен ертеңі өскелең ұрпақ еншісінде. Ал осы ұрпақты бірінші таңда жан-жақты терең білімді, интелектуалдық деңгейі жоғары, өзбетімен ізденуге қабілетті етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы оқушыны шығармашылыққа жетелеу. Бұл, мұғалімнен терең біліктілікті қажет етеді. Себебі, шығармашыл ұстаз ғана шығармашыл тұлғаны қалыптастыра алады. Мұғалім – бүгінгі оқушы – ертеңгі қоғамның, елдің тірегін өмірге дайындаушы. Жақсылық атаулысын ішкі жан-дүниесімен қабылдап, өз бойындағы сезімді шәкірті бойына дарыта білетін, жылы жүрегімен жақсылық сәулесін шашып тұратын, шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, шығармашылық қабілетін бойына дарыта алған ұстаз ол – физика пәнінің мұғалімі У.Маннапова. Бүгінгі таңда шәкірті 11-сынып оқушысы Алимардон Мирзакаримов және Мафтуна Туражанованың жеңісімен мектеп ұжымын қуантып отыр.
Түркістан облысы Сауран ауданы білім бөліміне қарасты жалпы 44 мектептің ішінен физика пәні бойынша жүлделі I орынды иеленіп, облыстық олимпиадаға жолдама алған болатын. Ұйымдастырылған облыстық олимпиадаға қатысып Алимардон жүлделі III орынға ие болып, Мафтуна алғыс хатпен марапатталды.
Ұстазы У. Маннапова өз сөзінде: «Сауран ауданы білім бөлімінің әдіскері Б. Ибрагимов және М.Мәметова атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры Ә.Алдиярованың айтқан ынталандыру сөздері маған ерекше күш бергендей болды. Ұстаздардың сенімін ақтау үшін шәкірттеріммен олимпиадаға дейін тынбай еңбектендім. Маған осындай қуанышты сыйлаған шәкірттеріме өте ризамын. Алда ҰБТ деген үлкен сынақ күтіп тұр. Сынақтан сүрінбей өтіп, армандары орындалсын. Оларға жарқын болашақ тілеймін. Осындай жауапкершілікпен тәрбиелеген ата-аналарына айтар алғысым шексіз», – деп өз қуанышын мектеп ұжымымен бөлісті.
Мектеп директоры Ә.Алдиярова физика пәні мұғалімі У.Маннаповаға өзінің жылы лебізін білдірді.
– «Шәкірті өзінен озған ұстаз – еңбегі ақталған ұстаз. М.Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты» деп айтып кеткендей, мектебімізде өз ісіне берілген, шәкірттерді табысқа жетелеп, өзгелерді бақытқа жетелеу арқылы өзі де бақытты бола алатын, парасаты биік, келешек ұрпақтың санасына терең білім ұялата білетін ұстаздарымыз көбейе берсін» , – деді ол.

Previous Post

40 университеттің ішінен таңдау жасау қиындық тудырған жоқ - Ислам Абдурахманов

Next Post

Кентауда шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 6390-ды құрады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz