Өңірімізде өнеркәсіптік әлеуметті күшейту мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда. Соның бірі ретінде негізгі капиталға тартылып жатқан инвестициялдарды айтуға болады. Мәселен, Кентауда ағымдағы жылдың 5 айында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 8517,4 млн.теңгені құрады. Өткен жылы бұл көрсеткіш 2654,4 млн. теңге болатын. Оның ішінде: жергілікті бюджет есебінен 6685,8 млн.теңге, меншікті қаражаты есебінен 1808,6 млн.теңге, басқада қаражат есебінен – 23,0 млн теңге. (2023 жылы республикалық бюджет есебінен 346,2 млн.теңге, жергілікті бюджет есебінен 147,0 млн.теңге, меншікті қаражаты есебінен 2124,9 млн.теңге, басқада қаражат есебінен – 36,3 млн теңге).
Кентау қаласында 2024 жылдың 5 айының қорытындысымен өткізілген тауар көлемі 3689,3 млн.теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 102,4% құрады. Өткен жылы бұл көрсеткіш 3197,4 млн. теңге болатын.
2024 жылдың 5 айының қорытындысымен тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 6390 болса, іс-әрекеттегі шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 6244 болды.
Ал, облыста сүт және тоқыма өнімдерін дайындауда, сондай-ақ, электр жабдықтарын өндіруде өсім байқалады. Өткен жылы облыс экономикасына тартылған инвестициялар көлемі 1,4 есеге артты. 194 инвестициялық жобадан тұратын пул қалыптастырылды. 2023 жылы оның 39-ы іске қосылды.
Бүгінде өңірімізде өңдеу өнеркәсібіне тиесілі кәсіпорындар да даму үстінде. Тоқыма өндірісі 160,2%-ға, кокс пен мұнай өнімдері 119,7%-ға, басқа да металл емес минералды өнімдер 114,1%-ға, машина жасау – 111,2%-ға және жиһаз өндірісі 140,3%-ға өсті. Жалпы алғанда өңдеу өнеркәсібінде 594 жұмыс орны құрылатын, жалпы сомасы 30,2 миллиард теңгені құрайтын 20 жобаны іске асыру жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда 11 жоба іске қосылды.
Облыста шағын және орта бизнесті дамытуға қолайлы ахуал қалыптасқан. Өткен жылы кәсіпкерлік субъектілерінің саны 28 мыңға көбейіп, барлығы 213 мыңды құрады. Жыл басынан бері 1 триллион теңгеден астам қаржының өнімі өндірілді. Мемлекеттік қаржылық қолдау шаралары кәсіпорын табысының өсуіне әсер етуде. Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы арқылы 2023 жылдың 10 айында бизнес субъектілері 21,3 миллиард теңге жеңілдетілген несие алды. Кәсіпкерлердің басым бөлігі ауыл шаруашылығымен (48,3%), сауда-саттықпен (23,3%), туризммен (20,3%) және өнеркәсіппен (6%) айналысады.