«Астана күні» мерекесі қарасаңында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында білім саласының барлық ұйымдары бірлесіп жоғары деңгейде тазалық жұмыстарына ерікті түрде атсалысты. Аталған акцияны Түркістан облысы білім басқармасы да қолдап, білім беру ұйымдары жаппай сенбілікке шықты.
Басқарма басшысының міндетін атқарушы Жандос Маханбетұлынан бастап, білім саласының ардагерлері, басшы орынбасарлары, бөлім басшылары мен мамандар Қазығұрт ауданына барып, тиісті тазалық жұмыстарын жүргізді. Дәл осы бастама облыстағы барлық білім беру ұйымдарында жүргізілді. Мекемелерді тазалап, гүл отырғызып, ағаштар отырғызды. Олардың әрқайсысы қолдарына құрал-саймандарын алып, өздеріне бөлінген жерлерінің төңірегін лас-қоқыстардан тазалады.
Мамандардың айтуынша, бұл игі үрдісті біз өскелең ұрпақты еңбексүйгіштікке, патриоттық тәрбиеге баулудың бір белгісі ретінде қабылдадық. Таңертең басталған тазалық жұмыстары түске дейін жалғасты.