Кентау қаласының аумағында 2023-2024 (2023 жылы-«Қаратау» табиғи қорығының Сауран аумағына қарасты бөлігінде 3 жағдай орын алған) жылдар аралығында Кентау қаласы аумағында орман, дала өрттері тіркелмеді. «Казгидромет» болжамы бойынша ағымдағы жылы ауа-райының орташа температурасы 40 градусқа дейін көтеріліп, өрт қауіптілігі 5-ші санатты жағдайы орын алатыны болжамдалған.
Сондай-ақ, дала өрттерін алдын алу мақсатында облыстық жолаушылар көлігі және автомовиль жолдар басқармасына Кентау – Қарнақ, Кентау – Ащысай бағытындағы облыстық маңызы бар жолдың бойына минералды жолақ жырту жұмыстарын жүргізу қажеттігі жөнінде хат жолданған болатын. Алайда, ол бүгінгі күнге дейін орындалмай отыр.
Қала және ауылдардағы өрт сөндіру және құтқару жұмыстарымен қалалық «№ 12 өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары» ММ қызмет атқарады. № 12 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамында 44 адам бар. Сонымен қатар, жеке құрам 3 негізгі, 1 қосалқы және 1 УАЗ автокөлігімен қамтамасыз етілген. Әзірге Ащысай және Қарнақ ауылдарында уақытша өрт сөндіру бекеттері жұмыс істеуде.
Қала аумағында 1 орман шаруашылығы мекемесі «Қаратау табиғи қорығы» орналасқан. Кентау қаласына қарасты жер көлемі 17490 гектарды құрайды. Орман шаруашылығында 2 өрт сөндіру автомобильдерімен қамтамасыз етілген. Ауылдарда құрамы 67 адамнан тұратын 4 ерікті өрт сөндіру құрылымдары құрылған. Өрт сөндіруге ыңғайластырылған техникалар саны – 9. Олардың бесеуі қалада болса, 4-еуі ауылдарда.
Айта кетейік, шаруашылық нысандардағы ерікті өрт сөндіру құрылымдар саны – 7. Құрамы – 147 адам. Өрт автокөліктерінің саны – 1. Өрт сөндіруге ыңғайластырлған техникалар саны – 2. Мотопомпалар саны – 2.
Биыл мамыр айында «Қаратау» қорығы аумағында «Өрт-2024» Республикалық командалық штабтық оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығуға «Қаратау» қорығының қызметкерлері, жергілікті азаматтық қорғау қызметтері және ауылдардан ерікті өрт сөндіру құрылымдары қатысты. Оқу-жаттығу барысында ерікті өрт сөндіру жасақтарына өрт орын алған жағдайдағы шұғыл әрекет ету алгоритмі түсіндірілді.
Қазіргі таңда қала аумағында дала орман өрті туындау қаупі бар орындар анықталып, олардың картасы әзірленуде.
М. БАЙМБЕТОВ,
Қалалық төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы,
азаматтық қорғау подролковнигі.