Түркістан облысына қарасты Кентау қаласында 374 шақырымды құрайтын 416 көше бар. Қазіргі уақытта қаладағы қанағаттанарлық деңгейдегі жолдардың ұзындығы 81 пайызды құрайды. Жол жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Биыл 14,5 шақырымды құрайтын 24 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары басталып, асфальт жабындысы төселуде. Бұдан бөлек, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Кентау қаласына қарасты Қарнақ, Байылдыр ауылдарында ұзындығы 14,6 шақырымды құрайтын 22 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіледі. Нәтижесінде, жыл соңына дейін қанағаттанарлық жолдардың үлесі 87,3 пайызға жетеді деп күтілуде.
Аталған жұмыстардың сапасы қала әкімі Жандос Тасовтың жіті бақылауында. Қала басшысы құрылысы жүріп жатқан аймақтарды аралап, жұмыс барысын тексерді. Құрылысқа жауапты тұлғаларға жұмыс барысы назарда екенін ескертіп, сапасы мен мерзіміне аса мән беруді тапсырды.