Түркістан облысы, Түлкібас ауданы бойынша биыл қала сыртындағы лагерлерге 2000 баланы сауықтыру жоспарланған болатын. 1 шілдеден бастап балалар қазығұрт ауданында орналасқан «Турбаза Қазығұрт», «Meirzhan», Түлкібас ауданында орналасқан «Көктөбе-1», «Көктөбе-2» жазғы маусымдық сауықтыру лагерлерінде демалысын жалғастыруда.
1-кезең бойынша 300 оқушы сауықтырылса, 3-4 кезеңдерде 677 оқушы демалуда. Ал, «Қазақстан Халқына» қорының демеушілігімен 150 оқушы Түлкібас ауданы, Машат шатқалында орналасқан «Машат-Арасан» оқу-сауықтыру лагерінде демалып қайтты.
Сондай-ақ, олардың жас ерекшеліктеріне қарай, 5-10-сынып оқушылары, лагерьге қабылданды. Әр аусымның ұзақтығы – 10 күн.
Одан бөлек Қазығұрт ауданы бойынша 2262 бала жазғы сауықтыру лагеріне жоспарлануда. Осы мақсатта Төле би ауданындағы «Изуми-Тау» сауықтыру лагеріне 250 оқушы жіберілді. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай 5-10 сынып оқушылары лагерьге қабылданады. Жазғы сауықтыру орнына облыстық бюджет есебінен аз қамтылған отбасылар, мектепішілік есепке тіркелген балалар, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және патронат балалар қамтылады.
Сондай-ақ, Арыс қаласы бойынша 2010 баланы жазғы сауықтыру лагеріне жіберу жоспарланып, арыстық балалар Кентау маңындағы «URKER» жазғы сауықтыру лагерінің І кезеңіне жіберілді. Енді, 400 оқушы осында демалмақ. Олардың жас ерекшеліктеріне қарай 3-10 сынып оқушылары, лагерьге қабылданды.