gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Кентау қаласының әкімі «Алтын белгі» иегерлерін марапаттады

22 июня, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
Кентау қаласының әкімі «Алтын белгі» иегерлерін марапаттады
Share on FacebookShare on Twitter

Ашық аспан астында Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов ашық биылғы оқу жылында ҰБТ-дан жоғары балл жинап, «Алтын белгілерін» ақтап шыққан 70-ке жуық білімді жастармен кездесті. Кездесу еркін форматта қаладағы С.Қожанов саябағында ұйымдастырылды. Жиынды қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы Сұлтан Азат жүргізді.
Қала басшысы ең алдымен жастарға ұстаздарының және ата-аналарының үмітін ақтап, Кентау қаласының мерейін үстем еткен жетістіктерімен құттықтап, алғысын білдірді.
– Алдағы уақытта Абай атамыз айтқандай: «бес нәрсеге асық, бес нәрседен қашық» бола білсеңіздер, жақындарыңыз бен жанашырларыңыздың мақтанышына айнала бересіздер. Енді бұдан кейін үлкен өмірге қанат қағып барасыздар. Қанаттарыңыз талмай, биіктерге самғай беріңіздер! Жоғары оқу орнына оқуға түсіп, студенттік дәуірді қызықты өткізіп, абыроймен бітірулеріңізге тілектеспін. Таңдаған мамандықтың мықты иесі, кәсіпқойы болыңыздар!, – деді қала әкімі.
Жайма шуақ жаздың керемет сәтінде өткен кездесуде жастар тарапынан қала басшысына түрлі тақырыпта еркін сауалдар жолданып, ойларымен бөлісті.
Еліміз бойынша ҰБТ-дан ең жоғарғы 138 балл жинаған А.Қожанов сөз алып, қала басшылығына өз ризашылығын айтып, білім беру жолындағы ұлағатты ұстаздарына алғысын жеткізді.
Жүздесу барысынжа Жандос Қалмырзаұлы жастарға алдағы өмірлеріне сәттілік тілеп, «Алғыс хаттар» табыстады. Сонымен қатар ұлы ғұламалардың терең мағынаға толы кітаптарын тарту етті.
Жалпы қала бойынша 2023-2024 оқу жылында 928 түлек оқуын аяқтады. Мектеп бітіруші түлектердің арасында 53 оқушы «Алтын белгі», 30 оқушы «Үздік үлгідегі аттестат» иегерлері бар. Кентау қаласында «Алтын белгі» иегерлерінің саны жыл сайын артып келеді.

Previous Post

Түркістанда 2 мыңнан аса оқушы жазғы лагерлерде демалады

Next Post

Кентауда “Таза Қазақстан” экоациясы жалғасуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz