Кентау қаласында пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 9405 шаршы метрді құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 131,0 пайызға артық. Оның ішінде тұрғындар есебінен – 9405 шаршы метр. (2023 жылы 5 айда тұрғындар есебінен – 7177 ш.м)
Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша 68 мыңнан астам тұрғын үй кезегіне тіркелген. Сала мамандары олардың заңдылығын анықтау барысында талап бұзған 5 мыңнан астам адамның тіркеуден шығарылғанын айтады. Бүгінде баспанаға мұқтаж 63 мыңнан астам азамат кезекте тұр. Бұл еліміздегі ең үлкен көрсеткіш.
Ауыл мен аудан орталықтарының тұрғындарының баспана мәселесін шешуге күш салуды тапсырған облыс әкімі Дархан Сатыбалды бұл бағытта жергілікті кәсіпкерлерге тиімді жол ұсынуды міндеттеген болатын. Қазіргі таңда өңірлерде осы бойынша нақты жұмыстар атқарылуда.
Өткен жылы 900 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға беріліп, 3 мыңға жуық отбасы жаңа пәтерге ие болды. Сонымен қатар, 55 тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті.