Тұтынушының құқығы!
Егер тұтынушының құқықтары мен заңды мүддесі бұзылса, сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» заңының 42-4-бабына сәйкес (Құқықтары мен заңбды мүдделері бұзылған тұтынушы сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды жою және тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан осы бұзушылықтар келтірген залалды (зиянды) тұтынушыға ерікті түрде өтеу туралы наразылықпен жүгінуге құқылы) бұзушылықтарды жою және тұтынушыға келтірілген залалды өтеу туралы наразылықпен өтініш жасауға құқығы бар.
Наразылық хат қалай жазылады?
Наразылық хат еркін түрде тұтынушы сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) тауардың сапасымен, қызмет алудағы құқықтарының бұзылғандығы, талаптары мен тұтынушылық даудың мән-жайлары қамтылады.
Наразылық хат қайда жолданады?
Тұтынушы наразылық хатты жазып болған соң сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) қолма – қол (тұтынушының сатушы (орындаушы, дайындаушы) наразылық хатын қабылдап алғандығы туралы мәліметі болуы тиіс) сатушының (орындаушының, дайындаушының) мекен жайы бойынша, электронды түрде немесе почта арқылы жібере алады.
Сатушы (орындаушы, дайындаушы) тұтынушының наразылық хатына жауап береді ме?
Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тұтынушының наразылығын қарауға және тұтынушының талаптарымен келіспеген жағдайда тұтынушының наразылығын алған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде құжатпен негізделген дәлелді жазбаша жауап ұсынуға міндетті. Осы құжаттардың көшірмелері сатушының (дайындаушының, орындаушының) тұтынушыға жауабына қоса тіркелуге тиіс.
Егер сатушы (орындаушы /дайындаушы) тұтынушының наразылық хатына жауап бермесе?
Егер сатушы (дайындаушы, орындаушы) күнтізбелік 10 күн ішінде наразылыққа жазбаша жауап бермесе немесе бұзушылықтарды жоюдан және тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеуден бас тартса, сондай-ақ тұтынушылық дауды сотқа дейінгі тәртіппен қарауға қатысудан бас тартса, тұтынушы уәкілетті органға, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға жүгінуге құқылы.