gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жер қойнауын заңсыз пайдаланушылармен күрес күшейеді

16 июля, 2024
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жер қойнауын заңсыз пайдаланушылармен күрес күшейеді
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін қала әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен қала әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Оған қала әкімінің орынбасарлары, аппарат қызметкерлері, дербес бөлім басшылары, ауыл әкімдері мен мекеме басшылары қатысты.

Мәжілісте Кентау қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы С.Асылхан Кентау қаласы және оған қарасты ауылдарда заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу және болдырмау мақсатында атқарылған шаралар туралы баяндады.

Жыл басынан бері қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, қалалық полиция бөлімі және қалалық жер қатынастары бөлімімен бірлесіп 26 рейдтік іс-шара ұйымдастырылған.

Нәтижесінде, қала аумағындағы «Байылдыр қалдық қоймасы», Қаратау мөлтек ауданы және Су қоймасы маңдарынан жер қойнауын заңсыз тасымалдап жүрген ауыр жүк көліктері анықталды.

Анықталған фактілер бойынша заң талаптарына сәйкес шара көру үшін қалалық полиция бөліміне жолданған. Ал, қалалық полиция бөлімі тарапынан жинақталған құжаттар 13 ауыр жүк көліктеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы шара көру мақсатында Түркістан облысының экология департаментіне жолданған.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе Кентау қаласы бойынша тағамнан улану жағдайлары, мектепке дейінгі ұйымдардың санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың талаптарының сақталуы бойынша атқарылған жұмыстарын жайлы қалалық санитарлық-эпидемологиялық бақылау басқармасының басшысы Н.Рабат мәлімет берді.

Күн тәртібіне сәйкес 109 байланыс орталығының басшысы Ж.Қожахметтің қаладағы секторлар бойынша атқарылып жатқан жұмыстары тыңдалды.

Әр сала басшысының баяндамасын тыңдаған қала басшысы бірқатар мәселелерді көтерді. Заңсыз жер қойнауымен айналысып жүргендерді анықтап, оларға тосқауыл қою бойынша қатаң тапсырма берді.

Сонымен қатар қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі мен қалалық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасына қаладағы тамақтану орындарының иелерімен кездесу ұйымдастырып, арнайы мамандармен семинар өткізуді тапсырды.

Previous Post

Кентауда тұрғындар тарапынан көтерілген мәселе кезегімен шешімін табуда

Next Post

Ұстаз ұлағаты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz