Кентау қаласында қоғамдық көліктерді жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. 2024 жылдың шілде айының 12 жұлдызында жолаушылар тасымалдаушы мекеме “Тұлпар-2030” ЖШС тарапынан жаңа 10 шағын автобус сатып алынды.
Сатып алынған шағын автобустар 16 орындық Газель-NEXT маркалы көліктері. Алдағы уақытта жаңа шағын автобустар қаламыздағы бағыттардың кесте санын толықтырып, шілде айының 17 жұлдызынан бастап, жолаушыларды тасымалдайтын болады.
Кесте саны толықтырылатын бағыттар №1, №3, №4, №6, №7 және Кентау-Құсшы ата-“Саяжай” бағыттары. Сондай-ақ, 2024 жылдың 1 тоқсанында 2 дана Газель-NEXT, 2 дана ПАЗ-Vector және 1 дана Пазик автобустары сатып алынған болатын. Олар қазіргі таңда, №1, №4, №10 бағыттарында қызмет көрсетуде. Айта кетейік, жалпы жыл басынан бері 15 дана автобус және шағын автобустар жаңартылды.



