Кентау қаласында көпқабатты тұрғын үй аулаларының жолдары мен қала ішіндегі көлік жолдарына асфальт төселуде. Құрылыс барысын бақылаған қала әкімі Жандос Тасов мердігер мекеме басшыларымен кездесіп, жұмысты сапалы, әрі уақытылы атқару қажеттігін ескертті.
Биыл қаладағы 14,5 шақырымды құрайтын 24 көшенің жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, қалаға қарасты Қарнақ, Байылдыр ауылдарында 14,6 шақырымды құрайтын 22 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.