Лездемелік жиынның күн тәртібінде мемлекеттік сатып алу конкурстары және қала бойынша қоғамдық-саяси ахуал туралы, сондай-ақ қаладағы секторлардағы атқарылған жұмыстары барысы қаралып, жауапты мекеме мен дербес бөлім басшыларының баяндамасы тыңдалды.
Кентау қаласы бойынша 2024 жылдың 1 шілде айында мемлекеттік сатып алу бойынша атқарылған жұмыс барысын бөлім басшысының міндет атқарушы А.Маден баяндап өтті.
Қалалық ішкі саясат бөлім басшысы Б.Жорабеков жыл басынан қалада бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуге өтініш түспегенін мәлімдеді. Сонымен қатар тұрғындар тарапынан жиі көтерілетін өзекті мәселерге тоқталып өтті.
Сонымен қатар апталық жиында қалада құрылған секторлардағы атқарылған жұмыстарға арнайы мониторинг жұмыстарының барысында анықталған кемшіліктерге қала әкімі Жандос Тасов жеке-жеке тоқталып, ретке келтіру үшін жауапты салаға 1 апта уақыт белгіледі.
Қаладағы жөндеуді қажет ететін жарық бағаналардың уақытылы орындалмай отырғанын ескеріп, облыстағы жауапты басшылығына хат жолдау қажеттігін тапсырды. Әрбір берілген тапсырмаларды сапалы әрі мерзімінде орындау қажеттігін ескертті.