Кентау қаласында респубикалық экологиялық акциясы белсенді іске асырылуда. Тазалық шарасына қаладан бөлек, ауыл тұрғындары да белсенділік танытып, ауылды қоқыстан тазартуға үлес қосуда. Кентау қаласына қарасты туристер көптеп шоғырланатын Хантағы ауылында «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды.
Ауылда өткен экоакцияға қала әкімі Жандос Тасов бастаған зиялы қауым өкілдері қатысып, барша тұрғындарды тазалық сақтауға, ең таза қала, ең таза ауыл болып бейімделуге шақырды.
Сенбілік жұмыстары Хантағы ауылындағы өзен бойлары мен туристтер демалатын аймақтарда, ауылдың орталығында қоршаулар мен аялдамаларды әрлеу, сырлау және жабайы шөптерді ору шаралары ұйымдастырылды.
Одан бөлек, тазалық шарасы қалада да жүзеге асырылып, 28 ге жуык мекемеден 200- дей адам катысты. Аталган сенбілікке 6 техника жұмылдырылып, нәтижесінде 10 тоннадай қоқыс шығарылды.