gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда металлургтер күні аталып өтті

18 июля, 2024
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентауда металлургтер күні аталып өтті
Share on FacebookShare on Twitter
Қазақстанда шілденің үшінші жексенбісі металлургтер күні деп бекітілген. Бұл күн – өз кәсібіне адал, қиындықтан қаймықпайтын, өндірісте шыңдалған ұстамды жандарға құрмет көрсетілетін айрықша мереке.
Мереке қарсаңында қаладағы “Кеңші аллеясына” Қазақ КСР Ленин комсомолы сыйлығының ғылым және техника саласындағы лауреаттары А.В.Смирнов, Ы.Ә.Төлтаев, Г.Б.Довгань, А.В.Корн және Д.Қалдыбайұлының есімдері жазылған ескерткіш тақтайшасы қойылды.
Жиынға қала әкімі Жандос Тасов, қалалық мәслихат төрағасы Қабылан Елеусизов, «Ащысайтүстіметалл» комбинаты ардагерлер кеңесінің төрағасы Жолшыбек Аккулов және қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Мамыржан Юлдашев қатысып, ардагерлерді мерекемен құттықтады.
«Кентау қаласының негізін қалаған «Ащысайтүстіметалл» комбинатының ардагерлері қаланың қалыптасуы жолында тәулік бойы тер төгіп, еңбек етті. Мұндағы аға ұрпақтың әлемді таңдандырған және ешбір ел жаңарта алмаған шапшаң бұрғылау жөніндегі рекорды тарих бетінде алтын әріппен жазылып қалды. Бұл сол уақыттағы кенші-металлургтердің қолтаңбасы ретінде кейінгі буынға өнеге болып қала бермек» — деді қала әкімі.
Шара соңында өмірден өткен кеншілердің есімдері жазылған ескерткіш алдына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Мерекелік шара ардагерлерге арналған дастарханға ұласты.
Жиын барысында еңбегі еселі ардагерлерге «Еңбек ардагері» медалі, «Еңбек даңқы», «Құрметті кенші», “Қалаға сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісі, «Қазпрофметалл» Тау-кен салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасы, Облыс әкімінің грамотасы, Түркістан облыстық мәслихатының және қалалық мәслихат төрағасының алғыс хаттары табысталды.
Previous Post

ҰБТ-дан аз балл жинаған талапкер «Серпінмен» грантқа түсе алады

Next Post

Білімді ұлт, сапалы білім – болашақтың кепілі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz