Өткен жылдың жоспары бойынша Қазығұрт ауданында мұғалімдерді жаңа кәсіби біліммен, инновациялық технологиялармен таныстыру мақсатында әдістемелік кабинеттің жоспарына сай, білім ұйымдарында 77 мектепте 55 оқыту семинарлар, 14 семинар тренингтер, 16 практикалық семинарлар, 18 тәжірибелік семинарлар, 9 дөңгелек үстелдер, 11 шебер сыныптар, 4 конференциялар, 3 форумдар жоспарланып, өткізілді.
«Білім туралы», «Педагог мәртебесі» туралы Заңдары, «Білімді ұлт – cапалы білім беру» 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы мен білім саласындағы басқа да заңнамалық актілерінің орындалуы қамтамасыз етілген. Үздік мектептердің тәжірибесін нәтижесі төмен мектептерге тарату мақсатында ресурстық орталық ретінде Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектеп гимназиясы бекітіліп берілген.
Жас мамандардың педагог мәртебесін арттыру, қолдау, педагогикалық шеберліктерін арттыру, әдіс алмасуын жетілдіру аясында жоспарлы түрде байқаулар, семинарлар, тренингтер, форумдар өтілді. Атап айтсақ, өткен 2023-2024 оқу жылында «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» тақырыбында жас мамандар байқауы өтіп, оған 25 мұғалім қатысып бақ сынасты.
2023 жылы блыстық білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен жас мамандарға қолдау көрсету мақсатында «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» жас педагогтер форумы өтілді, оған біздің ауданнан 12 мұғалім қатысып қайтты. Алдағы уақытта да осындай жас маманға жәрдем болатын игі шаралар жоспарлануда.
Жалпы «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы аясындағы жұмыстардың іске асырылу мерзімі 2021-2025 жылдар. Сондықтан алдағы уақыттарда да жұмыстар жүргізіле береді.
Екі қосымша білім беру мекемесінде 2717 оқушы, мектептердегі ақысыз үйірмелерге 18505 оқушы қамтылған. Жалпы Қазығұрт ауданы бойынша 21224 оқушы ақылы және ақысыз үйірмелерге қамтылған.
- Оның ішінде .№1 Балалар «Өнер» мектебінде – 108 бала 4 үйірмеге (домбыра, фортепиано, ұлт аспаптар, қобыз);
- Оқушылар Сарайында – 2 611 бала 12 үйірмеге (« Робототехника – 30, ІТ үйірмесінде – 30, Музыка үйірмесінде – 250, Би үйірмесінде – 400, Спорт ойындары /волейбол, футбол, шахмат, бокс, таеквандо/ үйірмесінде – 1071, Көркем сурет үйірмесінде –280, Қолөнер үйірмесінде –260, Өлкетану үйірмесінде – 290 оқушы) қатысуда.
PISA халықарарлық зерттеуіне дайындық жұмыстарын күшейтуге байланысты іс-шаралар да жоспарлы түрде жүргізіліп келеді. Әрбір білім беру ұйымынды оқу жылының басында негізгі пәндер бойынша дайындық кестесі бекітіліп, пән мұғалімдері дайындық жасайды. Сонымен қатар аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында түрлі практикалық және оқу семинарлары өтілді.
Қазығұрт ауданының білім беру ұйымдарын әдістемелік сүйемелдеу, педагогтердің кәсіби шеберлігін үздіксіз арттыру үшін жағдай жасау және қолдау көрсету болып табылады.
Мақсаты – білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын және бағдарламаларын іске асыруда оқу-тәрбие үрдісіне білім берудің заманауи әдістері мен түрлерін, озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеп енгізу, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыру, аудандық әдістемелік кабинеттердің әдіскерлерінің қызметін үйлестіру,әдістемелік қолдау көрсету. Білім беру ұйымдарындағы әдістемелік жұмыс пен әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру, бірыңғай ақпараттық әдістемелік кеңістік беру арқылы педагогтардың тұлғалық және кәсіби дамуына жағдай жасау.
Ауданның әдістемелік кабинеті «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы мен Түркістан облысы әкімдігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумын жүзеге асыру барысында ауданда 19 жетекші мектеп пен 59 серіктес мектеп өз деңгейінде жұмыс атқарды. 15 аудандық семинарлар өткізілді. Желілік қоғамдастық бойынша жұмыстар жалғасын табуда.
«Әдістемелік шығармашылық күн» іс-шаралар жоспары бойынша «Мұғалім тәжірибесіндегі қиындықтар және оларды шешу жолдары», «Сабақты тиімдіжоспарлау» тақырыбында ақпан, наурыз айларында Қ.Сатпаев атындағы мектеп лицейінде аудан педагогтеріне онлайн және офлайн түрде «Ашық есік» күні ұйымдастырылып өткізілді. Әдістемелік кабинеттің жоспарына сәйкес 13 ауыл округіне «Әдістемелік десант» жоспарланып, «Заңғар» жалпы орта білім беретін мектебіне «Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы мектептегі тәрбие және білім беру үдерісін жетілдіру» тақырыбында әдістемелік көмек көрсетілді. Ақпан айында «Қызылқия» ауыл округіне «Білім сапасын арттыруда «Bilimland» платформасын пайдалану мүмкіндіктері» тақырыбында әдістемелік десант жүргізілді. Наурыз айында С.Рахимов ауыл округіндегі мектептерге «Білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіру: «Теория және тәжірибе» тақырыбында «Әдістемелік десант» жүргізілді.
«Online adisker» жобасы бойынша Жеке кеңес беру жұмыстары бойынша әр әдіскерге аптаның күндері бөлініп берілген.Сол күндер бойынша әр әдіскер жеке жеке жұмыс істейді.
Өткен жылы Түркістан қаласы, «Abay school luceum» жекеменшік мектебінің базасында 2-7 сынып оқушыларының «Зерде» зерттеу шығармашылық жұмыстары республикалық конкурсының облыстық кезеңі болып өтті. Конкурстың қорытындысы бойынша 6 оқушы жүлделі орынға ие болды.
Педагог кәсібінің қоғамдағы орнын (имиджін) жүйелі түрде арттыру мақсатында ұстаздар арасында да пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар сайысы жүйелі ұйымдастырылуда. Осы тұрғыда облыстық, республикалық деңгейде үлкен жетістіктерге қол жеткізген білім мекемелері арасында, Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназия ұжымын, Сатпаев, Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейлері, Жамбыл, М.Өтемісұлы, «Қызылтаң», «Қазығұрт», Абай Ж, «Ащыбұлақ», Макаренко, Тураб Тула, С.Сейфуллин, Қ.Өміралиев ЖОМ атап көрсетуге болады. Мұғалімдер арасында өткізілген байқаулар мен олимпиадалар бойынша 2023-2024 оқу жылында жеткен жетістіктері жетерлік. Мәселен, Білім беру ұйымдарының басшыларына (директорларына) арналған «Intellectum DD2» Директорлар дебаты» турнирінің облыстық кезеңінен ІІ орын, «Дарынды балаларға-талантты ұстаз» жас мамандар байқауында 3-орын. «Өнерлі ұстаз» байқауының облыстық кезеңінде Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Байжарқынова Шарипа ІІ орынға ие болды.
«Инновациялық менеджмент: трендтер мен перспективалар» тақырыбындағы онкүндікті қорытындылау мақсатында ұйымдастырған MODERN TEACHER FEST TURKISTAN-2023 (ТҮРКІСТАННЫҢ ЗАМАНАУИ МҰҒАЛІМДЕР ФЕСТИВАЛІ – 2023) облыстық фестивалінде өткізілген «Ұстаздар guizi» зияткерлік ойынында ауданнан барған педагогтер жүлделі ІІІ орынға ие болды.