Қалада мемлекеттік сенім мандатын арқалаған мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесіне орай қала әкімдігінде салтанатты жиын өтті.
Мерекелік шарада қала әкімі Жандос Тасов қатысып барша мереке иелерін құттықтап өтті.
«Мемлекеттік қызметкер ол халық пен қоғам арасын жалғастырып отырған алтын көпір. Ал, халыққа, сапалы қызмет көрсету әрбір мемлекеттік қызметшінің парызы. Жылдар өткен сайын мемлекеттік қызметшіге деген талап жоғары және жүктелетін міндеттің ауқымы да артып келеді. Осы орайда, қандайда бір ауыртпалық болса да өз халқың үшін қызмет ету – түсіне білгенге зор бақыт деп есептеймін!»,-деді қала басшысы
Кәсіби мереке қарсаңында мемлекеттік қызметте өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып, білікті маман ретінде қаланың көркеюіне үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар облыс және қала әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталды.