Бүгін Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың кезекті жеке қабылдауы өтті. Қала басшысының тікелей қабылдауына алдын ала10 азамат жазылды.
Қала әкімі жеке қабылдауға жазылған әр тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, тиісті басшыларға нақты тапсырмалар берді. Оған қоса, қала басшысы бұқараның өтініш-тілектерінің ешбірі ескерусіз қалмайтынын айтып, бәрі заң аясында шешілетінін жеткізді.
Сонымен қатар, әкім орынбасарлары, ауыл әкімдері, бөлім мен мекеме басшылары тұрғындардың арыз-шағымына назар аударып, тиімді шешу жолдарын айтты. Ал күрделі әрі шешімін табу үшін ұзақ мерзімді қажет ететін мәселелер әкім орынбасарларының бақылауында болатынын түсіндірді.
Кезекті қабылдауда тұрақты жұмысқа орналасу, жер телімін бөлу , көше жарықтарын орнату, көшелерді асфальттау мәселелері бойынша мәселелер көтерілді.